«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жасанды интеллект 50 мың қазақстандыққа жұмыс табуға көмектесті

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Enbek.kz электронды еңбек биржасында жаңа мүмкіндіктің іске қосылғанын хабарлады. Енді жұмыс іздеушілерге жасанды интеллект көмегімен бос орындарды іріктеу қызметі қолжетімді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрліктің дерегінше, сервис 2025 жылғы сәуірде іске қосылған. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, оның көмегімен 50 мыңнан астам үміткерге жеке ұсыныстар жасалған.
Мамандардың айтуынша, қолданылып отырған ЖИ моделі түйіндемелер мен бос жұмыс орындарын талдап, талап етілетін мамандықтар мен кәсіби топтарды, күтілетін жалақыны, тұрғылықты аймақты және кәсіби дағдыларды ескеріп ұсыныс береді.
«Бұл ретте заманауи табиғи тілді өңдеу және машиналық оқыту технологиялары қолданылады», деп атап өтті ведомство.
Жоба түйіндемелер мен бос жұмыс орындарын талдау процесін автоматтандыруға бағытталған. Бұл жұмыс берушілер үшін лайықты кандидат іздеуді едәуір жеделдетіп, қол еңбегін азайтты.
Айта кетейік, түйіндемені өңдеу уақыты 2 секундтан аспайды, ал бос жұмыс орнын қолмен іріктеу уақыты 80%-ға қысқарған.
«Алдағы уақытта ЖИ технологиялары жұмыс іздеу процесін 90%-ға жеделдетеді деп күтілуде», деді министрлік өкілдері.
ЖИ технологиялары қазақстандықтардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналуда. 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде Жасанды интеллект министрлігі құрылатынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, жаңа министрлік жасанды интеллектті барлық салаға енгізуді реттеумен айналысады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа арнайы жәрдемақы алады

admin_mugalzhar

ЖУРНАЛИСТ – шындықтың шырақшысы

admin_mugalzhar

АЛТЫНДЫ АУЫЛЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.