«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа Жолдау — жаңа міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Жолдау Қазақстан қоғамы үшін ғана емес, жеке өзім үшін де ерекше мәнге ие болды. Себебі бұл құжат елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындайды, ал соның ішінде маған ең жақын тақырып – ауыл шаруашылығы мен цифрлық технологиялардың тоғысуы. Президент ауыл шаруашылығының стратегиялық маңызына ерекше тоқталды. Қазақстан аграрлық ел ретінде ішкі нарықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, әлемдік экспортта да бәсекеге қабілетті болуға тиіс.

Бауыржан Жолмағанбет, Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

Ұқсас ақпараттар

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

Президент: «Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 6 мыңнан аса кәсіпорын табысты жұмыс істейді»

admin_mugalzhar

ҚОЛ ДОБЫ ШЕБЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar