«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Айбек Оралбай — әлем чемпионатының финалында

Бокстан Ливерпуль қаласында әлем чемпионатында еліміздің сапынан екінші финалис анықталды.

Көпшілік асыға күткен +90 келідегі жартылай финалдық жекпе-жекте Айбек Оралбай 2 дүркін Олимпиада чемпионы, 5 дүркін әлем чемпионы Хулио Сесар Ла Круспен жолықты. Жылдамдық жағынан қарсыласынан қарағанда әлдеқайда басым болған Айбек бұл айқаста 3:2 есебімен басым түсті.

Енді жерлесіміз финалда өзіне жақсы таныс Джахонгир Зокировпен (Өзбекстан)
кездеседі.

Ұқсас ақпараттар

Первые выборы районных акимов в Казахстане состоятся в 2024 году

admin_mugalzhar

В районе новый зам

admin_mugalzhar

Мектепке дейінгі ұйымдарға төленетін тамақтану ақысы өзгермейді

admin_mugalzhar