«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жасанды интеллект туралы заң жобасын

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Жалпы отырыста депутаттарға «Жа­санды интеллект туралы» заң жобасын ілеспе түзе­тулерімен екінші оқылымда қарау ұсы­нылады. Мәжіліс депутаттары бастама көтер­ген құжаттар жасанды интел­лект тех­­но­­логияларын қолдануға бірыңғай құ­қықтық негіз құруға бағыт­талған. Олар тұтынушылардың және дер­бес деректердің құқықтарын қорғауды қарастырады, сондай-ақ жасанды интел­лектіні қолдануға бай­ла­нысты құқық­бұзу­шылықтар үшін әкімшілік жауапкер­шілікті белгілейді. Заңның қабыл­дануы Мемлекет басшы­сының Жолдауын іс жүзінде жүзеге асырудағы маңызды қадам болмақ.

Сонымен қатар депутаттардың талқы­лауына Қазақстан мен Марокко ара­сындағы ұстап беру, сотталған адамдарды беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдер енгізілді. Келісімдер екі мемлекеттің құзырлы органдарының экстрадиция, сот үкімдерін орындау және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.

Жалпы отырыста қылмыстық  жолмен  алынған  кірістерді  заңдастыру  (жылыс­тату) және терроризмді қаржыландыру тәуекел­дерін бағалау халықаралық ор­талығын құру  туралы  келісімді ратифика­циялау туралы заң жобасын қарау ұсы­нылады. Орталық халық­аралық ақ­па­­рат­тық жүйе ретінде жұмыс істейді, ол ТМД елдерінің қаржылық барлау бөлімшелерін анықталған қауіп-қатер­лерге уақтылы әрекет ету үшін біріктіреді. Сондай-ақ елдерге трансшекара­лық тәуе­келдерді талдауға, статистикалық дерек­тер­мен алма­суға, оларды төмендету бо­йынша ұсынымдар әзірлеуге және ФАТФ халықаралық стан­дарттарына сәйкес тәсіл­­дерді үйлестіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жалпы отырыс барысында Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа алады. Олар: Конституциялық Сот шешімдерін орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Қылмыстық-процестік кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне толықтырулар енгізу, сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері ара­сын­дағы зейнетақы саласын­дағы ынты­мақ­тастық туралы келісім бар.

Ұқсас ақпараттар

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУЫ ТИІС

admin_mugalzhar

ҚАУІПСІЗ ЖОЛ: ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

ДОМБЫРАШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.