«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Семинар-тренинг өтуде

Ағымдағы жылы 23 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктеріне арналған республикалық семинар-тренинг өз жұмысын бастады. Екі күнге жоспарланған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен этномәдени бірлестік өкілдері жиналды.

Семинар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен және ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің “Қоғамдық келісім” РММ ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Жиынның басты мақсаты – этномәдени бірлестіктердің қоғам өмірінің түрлі салаларында тиімді әріптестік орнату тәжірибесін арттыру, этносаралық коммуникацияларды жетілдіру және бірлікті нығайтуға бағытталған жобаларды дамыту.

Бағдарлама барысында қатысушылар мемлекеттік саясаттағы жаңа тәсілдер, заманауи коммуникация және интеграциялық үрдістер бойынша тәжірибелі мамандардың дәрістерін тыңдап, тәжірибе алмасады.

Бұл семинар-тренинг Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып, өңірлердегі этномәдени бірлестіктердің кәсіби әлеуетін арттыруға серпін бермек.

Ұқсас ақпараттар

ТӘРТІП ЖОЛЫНДАҒЫ БІР КҮН

admin_mugalzhar

Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа өтті

admin_mugalzhar

Мектепке дейінгі ұйымдарға төленетін тамақтану ақысы өзгермейді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.