«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекет басшысы Монако Князьімен кездесті

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Нью-Йорк қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князьі ІІ Альбермен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Қазақстан мен Монако арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің мол әлеуеті бар екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Князь ІІ Альберді елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізген еді.

Ұқсас ақпараттар

Аида Балаева: Зайырлы мемлекет – дінді жоққа шығарады деген сөз емес

admin_mugalzhar

Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталының тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды

admin_mugalzhar

Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі қанша жыл?

admin_mugalzhar