«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САНАҒЫ БАСТАЛДЫ

ЕЛІМІЗДЕ 1 ТАМЫЗДАН БАСТАП ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. БҰЛ АУҚЫМДЫ НАУҚАН ЕКІ КЕЗЕҢ БОЙЫНША ӨТУДЕ. АЛҒАШҚЫСЫ 1 ТАМЫЗ БЕН 31 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТТІ. АЛ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ 20 ҚЫРКҮЙЕК ПЕН 20 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА ОФЛАЙН ФОРМАТТА ЖАЛҒАСУДА.

Бұл — аграрлық саладағы нақты статистиканы қалыптастырып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың қай бағытта күшейтілуі қажет екенін айқындауға мүмкіндік береді. Бүгінде ауданда шаруа қожалықтарының көпшілігі онлайн санақтан өткен. Ал үлгермегендерге санақ уақыты созылып, мүмкіндіктер берілуде. Егер де санақтан өтпеген жағдайда ескерту жасалады, ал бірнеше рет ескертуден кейін де бас тартқан қожалықтарға заң аясында әкімшілік шара қолданылатын болады. Аудандық статистика саласы мамандарының алдын ала есебі бойынша аудан аумағында 800-ге жуық шаруа қожалығы санақтан өтуі қажет.

Ауыл шаруашылығы санағы – тек статистикалық шара емес, бұл – аудан экономикасының бүгінгі жай-күйін зерделеп, ертеңгі күнге нақты жоспар құрудың негізі. Санау арқылы мамандар егістік жерлердің көлемін, мал басының санын, ауыл шаруашылығы техникасы мен еңбек ресурстарының ахуалын толық біле алады. Мұндай мәліметтер алдағы аграрлық саясатты тиімді құруға септігін тигізбек. Онлайн кезеңде аудан бойынша 799 субъект санақтан өтуі қажет болды. Оның ішінде 47-сі ЖШС-гі болса, 752-сі шаруа қожалығы. Ал екінші кезеңде аудан бойынша 3765 жеке үй шаруашылығын аралайтын боламыз. Санақ жұмыстарын жүргізуге 9 сұхбатшы тартылды, — деді аудандық статистика бөлімінің басшысы Анар Шымқаева.

Мамандар сұрақтарға ашық әрі шынайы жауап беру қажеттігін, барлық жауап құпия сақталатындығын, басқа мемлекеттік органдарға берілмейтінін жеткізіп, ортақ іске жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

АҚПАРАТТЫҚ ТОП ЕМБІДЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

admin_mugalzhar

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП — ӘДІЛЕТТІЛІКТІҢ БАСТЫ ШАРТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.