«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Теміржол — ел экономикасының тұрғыры

Тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі теміржол құрылысы саналатын «Достық – Мойынты» желісінің іске қосылуы – еліміздің көлік-логистика саласындағы тарихи жетістігі. Бұл жобаның арқасында жүк тасымалы көлемін 5 есе арттыру мүмкіндігі пайда болады, яғни Қазақстанның транзиттік әлеуеті жаңа деңгейге көтеріледі. Қазіргі жаһандық жағдайда тауарды уақтылы жеткізу кез келген мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты факторлардың бірі. Сондықтан жаңа теміржол дәліздері біздің елді Еуразия құрлығындағы басты транзиттік торап ретінде нығайта түседі. Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, шығыс пен батысты байланыстыратын негізгі көпір рөлін атқарып отыр. Соңғы он жылда салаға 35 миллиард доллардан астам инвестиция салынуы – бұл бағыттың басымдыққа ие екенін көрсетеді. Алдағы уақытта 5 мың шақырым жаңа теміржол салу және 11 мың шақырымды жөндеу жоспарлары еліміздің экономикасын әртараптандырып, көлік жүйесін жаңғыртады. Мұндай бастамалар Орта дәлізді күшейтіп, Транскаспий бағытының маңызын арттырады. Нәтижесінде Қазақстанның халықаралық беделі артып, ірі сауда нарықтарына жол ашылады. Бұл тек экономикалық емес, геосаяси тұрғыдан да зор жетістік.

Серік Алшынбайұлы, теміржол саласының ардагері.

Ұқсас ақпараттар

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Ауыл медицинасы дамиды

admin_mugalzhar

Ел экономикасы 3,4 пайызға өсті – Тоқаев

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.