«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе-Қандыағаш» автомобиль жолының қайта жаңару жұмыстары қарқынды жүруде

📌 Жыл басынан бері «Ақтөбе-Қандыағаш» автомобиль жолы құрылыс нысанында 40 мың тоннадан аса асфальтобетон қоспасы қолданылып, ол 20 мың шақырымға жуық жолды салуға мүмкіндік берді.

✔️ Қайта жаңару жұмыстарының жоспары бойынша 96 шақырым автожол жаңартылып, оның ішінде 78 шақырымы Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейін төрт жолақты І-Б техникалық санатына ауыстырылады. Ал тағы 18 шақырымы Қандыағаш қаласын айналып өтетін ІІ техникалық санаттағы екі жолақты болып жабдықталмақ.

✔️ Сонымен қатар, жоба аясында 18 көпір құрылысын салу, 66 құбыр тарту және осы жол учаскесінде қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымды соғу жоспарланған.

Жобаны құрылысын жүзеге асыру үшін темір жол арқылы инертті материалдарды жеткізу мәселесі айтарлықтай кедергі тудыруда.

Аталмыш жол учаскесіндегі қайта жаңару жұмыстары Ақтөбе және Атырау облыстары арасындағы көлік логистикасын жақсартуға, жолдың техникалық параметрлерін оңтайландыруға, жол жүру уақытын қысқартуға және оның өткізу қабілетін арттыруға әкеледі.

🔹 Жаңа автожол аймақтың дамуы және қалалар арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ету үшін маңызды қадамдардың бірі болмақ.

🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Ұқсас ақпараттар

Цифрландыру саласында Қазақстан мен Жапонияның ынтымақтастығы артады

admin_mugalzhar

Дильназ Даулетова: Еліме пайдам тисе деймін

admin_mugalzhar

Нұршат Романқызы: Шет елде білім алу — өзімнің қалауым

admin_mugalzhar