«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДӘСТҮРІМНІҢ БАЛҚАЙМАҒЫ — ӘЖЕЛЕР

Қандыағаш қаласында Халықаралық қарттар күні қарсаңында «Асыл дария» ансамблінің ұйымдастыруымен «Дәстүрімнің балқаймағы – әжелер» атты «Аялы әже — 2025» форумы өтті. Аталған шараға аудан аумағындағы елді мекендерден ақ жаулықты әжелер мен «Қазына» және «Сәулем-ай» ансамбльдерінің, «Әжелер» хорының мүшелері қатысты.
Форумға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев қатысып, қатысушылар мен қонақтарды, ансамбль мүшелерін мерекемен құттықтап, халық шығармашылығын дамытып, салт-дәстүрді сақтауда елеулі еңбек етіп жүрген ансамбль мүшелеріне алғысын білдірді.


Одан кейін Нұрлыгүл Темірбаеваның жетекшілік ететін «Асыл дария» ансамбль мүшелері Тарби Қазова, Ильина Қалбекова, Дәмеш Мирманова, Ғалия Сәрсенова, Алтынай Төреханова, Сұлужан Тұрықпенбаева, Нұрила Мұқановаға Алғыс хаттар табыс етті.
Шара барысында «Асыл дария» ансамблінің мүшелері қазақтың көптеген салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына байланысты көріністер көрсетті. Сондай-ақ сахна төрінде киіз басудың әдіс-тәсілдерін үйретіп, киіз бетіне ою-өрнектерді қалай дұрыс қою керектігін айтып, шеберлік сағатын өткізді.


Сахнада «Танабау тағу» дәстүрі де орындалды. Бұл дәстүр бойынша сахна төрінде шешесіне әлдебір шаруаға шамасына қарай жәрдемдесуге жарап қалған қыз балаға «қолғабысқа жарап қалыпты ғой» деп, жас баланы көтермелеп мақтап, омырауына түйме, тана, маржан секілді нәрселерді қадап, тілек тіледі.
Мерейлі мерекеде әнші әжелер қазақтың халық әндеріншырқап, көрерменнің көңілін көтерді.
Естеріңізге сала кетейік, «Асыл дария» ансамблі өз жұмысын 2019 жылы бастады. Бұл ансамбль алғашында «Қазына» деп аталды. Содан бері топ талай байқауларда топ жарып, Халықтық атағын қорғап, репертуарын дамытып, тыңдарманын таба білді. Бүгінде жастары 70-тен асқан ансамбль мүшелері немерелерін бағып қана қоймай, шығармашылықтарын шыңдап жүр.

Ұқсас ақпараттар

Швейцария тауларында қазақи стильде Louis Vuitton бутигі ашылды

admin_mugalzhar

АУДАН ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar

Ashyq жобасы мемлекет меншігіне өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.