«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан арқылы әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашатын 5 теміржол дәлізі өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосып, оның Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл жоба еліміз үшін айрықша стратегиялық маңызға ие. Жаңа желі жүк тасымалы көлемін 5 есе арттыруға мүмкіндік беріп, экспорттық тауарларды жеткізу уақытын қысқартады және Қазақстанның транзиттік әлеуетін айтарлықтай күшейтеді.

– Қазақстан бүгінде Еуразиядағы басты транзиттік хабтардың біріне айналды. Солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты жалғап тұрған жеріміз арқылы 5 теміржол дәлізі өтеді. Оның бәрі әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашады. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беріп келеміз. Соңғы он жылда осы салаға шамамен 35 миллиард доллар инвестиция салынды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында да теміржол машина жасау саласын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. «ПЗТМ LTD» ЖШС Ақтөбе қаласындағы «Қызғалдақты» станциясында рельс дәнекерлеу кәсіпорнын салып жатыр. Жобаның жалпы құны – 21,4 млрд теңге. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін жылына 825 шақырым рельс өндіру жоспарланып отыр. Бұл жоба 250 жаңа жұмыс орнын ашуды көздейді. Инвесторлар мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы арасында дайын өнімді жеткізу бойынша оффтейк келісімшарт жасалды. Жоба 2026 жылы толық іске қосылады деп жоспарлануда. Аталған инвестициялық жоба Ақтөбе облысының индустриялық әлеуетін арттырып қана қоймай, аймақтағы теміржол инфрақұрылымын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экономиканың түрлі секторларын қолдауға елеулі үлес қосады. Өндіріс қуатының артуы мен өнім сапасының жақсаруы теміржол көлігінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады

admin_mugalzhar

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

iPhone-да қазақ тілі пайда болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.