«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе саммитінің қорытындылары өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуал өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың ажырамас бөлігі болып қала беретінін атап өтті. Президент бұл елді өңірдегі экономикалық үдеріске тарту бойынша үйлестірілген жұмысты жалғастыру қажеттігін жеткізді.

– Бұл арада Ауғанстанға қолдау көрсету бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясы пайдаға жарайды. Бәріміз БҰҰ Бас хатшысына Миссияның басшысы қызметіне «инклюзивтілік» және «гендерлік теңдік» қағидаттарына байланбаған, құзыретті, тәжірибелі адамды тағайындау туралы ұсыныс жасауымызға болады. Бұған дейінгі тағайындаулар Ауғанстанға қатысты барлық жағдайда тиімсіз болғанын көрсетті. Бұл міндетті шешуге жақында құрылған БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық хабы үлес қосады деп үміттенеміз, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында Душанбе саммитінің қорытындылары Ресей мен Орталық Азия елдерінің тұрақтылығы мен өркендеуі жолында өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас ақпараттар

Жансая Әбдімәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль алды

admin_mugalzhar

Әзербайжан мен Армения Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.