Қандыағаш қаласының жасөспірімдері мен жастарының бос уақыттарын тиімді өткізу және аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың қала тұрғындарымен өткен есептік кездесулерінде көтерілген ұсыныстарын орындау мақсатында аудан орталығынан заманауи үлгідегі футбол алаңы салынды.
«Жастық» мөлтек ауданында орналасқан 200 орындық жаңа стадионның ішінде екі шағын футбол алаңы бар. Жалпы аумағы 3217 шаршы метр болатын стадионның құрылыс жұмыстарын әлеуметтік әріптестік негізінде «Қазақ Ойл — Ақтөбе» ЖШС-нің демеушілік көмегімен «Стройком+Сервис» ЖШС-і жүргізді.
Аталған нысанды салуға 100 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жаңадан салынған футбол алаңы қандыағаштық жасөспірімдердің футболмен шұғылданып, кәсіби футболшы болып, кәсіби футбол клубтарында ойнауға жол ашатын үлкен мүмкіндік болатыны сөзсіз.
Футбол алаңын сенімгерлік басқарушылық негізде күтіп-ұстау жұмыстарын «SD Family» футбол клубының Ақтөбе облысы аймағының директоры Дастан Мырзин жүргізетін болады.
—Футбол үйірмесіне қабылдау іріктеу арқылы 2026 жылдың сәуір айында 8-10 жас аралығындағы балалар арасында жүргізілетін болады, — дейді Дастан Мырзин.
Алдағы уақытта ойын алаңының аумағынан бапкерлер мен жаттығушыларға арналған қосалқы ғимаратты салу жоспарда бар,
