«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖИ: ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Заңға қол қойды. Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді.
Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір міндеттерді орындау құралы ретінде қарастырылады.
Осыны ескере отырып, заңда жауапкершілік және бақылау қағидаттары бекітілді.
Сонымен қатар заңдылық, әділеттілік, теңдік, ашықтық және түсініктілік, адам игілігіне басымдық беру, оның шешім қабылдаудағы еркіндігі, деректерді қорғау және құпиялылық, қауіпсіздік пен қорғаныс қағидаттары бекітілді.
Жасанды интеллектіні қолдану нәтижесінде жасалғанынан хабардар болу үшін мұндай тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді таңбалау талабы енгізілді.
Платформа шектеулі мерзім ішінде бағдарламалық өнімдерді, жасанды интеллект моделдерін әзірлеуге, оқытуға және сынақтан өткізуге пайдаланылады.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында биыл 25 балабақша ашылады

admin_mugalzhar

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar

Өткен жылы 8,2 млн көрермен отандық фильмдерді тамашалаған

admin_mugalzhar