«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Кореяда төбелес шығарған 19 қазақстандық ұсталды

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында 19 қазақстандық ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл мәліметті Сыртқы істер министрлігі растады.

«18 сәуірде Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында елде заңсыз жүрген Қазақстанның 19 азаматы төбелес шығарды. Оқиға орнына барған полицейлер 19 қазақстандықты ұстады», — деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Смадияров Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтты.

«Біздің дипломаттар бұл мәселені бақылауда ұстап отыр, жергілікті полиция мен көші-қон қызметімен байланыста», — деді Смадияров.

Ұқсас ақпараттар

ЖИ Қазақстан экономикасын қалай өзгертеді?

admin_mugalzhar

ЕКПЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

ҚҰМСАЙҒА АУЫЗ СУ БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar