«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында ұлттық жобалар аясында 12 мектеп және 29 медициналық нысан салынады

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың мәліметінше, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде жоспарланған 29 нысанның 22-сі іске қосылды.

Жыл соңына дейін 7 нысан құрылысы аяқталады. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 9100 орынға арналған 12 мектеп салынып жатыр.

«Биыл 8 жаңа мектеп халық игілігіне берілді. 12 білім нысанын пайдалануға беріп, қолданыстағы 3 мектептің қосымша спортзал құрылыстарын аяқтау жоспарланған», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар бұдан былай әскерге SMS арқылы шақырылады

admin_mugalzhar

Нью-Йоркте жүздеген адам Байденнің жеңісін тойлауға шықты

admin_mugalzhar

Данияр Шамшаев өзбекстандық қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанды

admin_mugalzhar