Ақтөбе қаласында «STAR WAY» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Жұбановтар әлемі» шығармашылық орталығында «Қыз ғалдақтар әлемі» республикалық шығармашылық байқауы өтті.
Аталған байқауға аудан атынан Жем қалалық мәдениет үйінің «Аршат» бишілер тобы қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ІІ орын иеленді. Сонымен қатар байқауда Жем мәдениет үйінің драма үйірмесінің жас өнерпаздары да бақ сынады. Көркемсөз жанры бойынша 9–10 жас ара лығындағы Асылхан Әли І орынды жеңіп алса, 7–8 жас аралығындағы Асылхан Айханым да І орынға ие болып, өз шеберліктерін дәлелдеді.
Жас таланттар байқау барысында көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, өнерге деген құштарлықтарын көрсете білді. Бұл жетістік – олардың тынымсыз еңбегі мен жетекшілерінің кәсіби дайындығының нәтижесі. Бұл балақайларға Гүлзамира Таңжигулова жетекшілік етеді. Жем қалалық мәдениет үйінде алдағы уақытта да жас таланттарды қолдап, олардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытында жұмыстарын жалғастыра бермек.
Ж.БЕКИРОВА, Жем қалалық мәдениет үйінің әдіскері.

