«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОЖАСАЙ АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Қожасай ауылына газ берілді.
Қожасайлықтардың көптен күткен қуанышына облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқарма басшысы Арысұлан Айтбаев пен “QAZAQGAZ AIMAQ” АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының директоры Жомарт Бітірбай ортақтасып, тарихи сәттің куәсі болды.


Ауылға көгілдір отынның берілу сәтінің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Қожасай ауылының тұрғындарын тарихи сәтпен құттықтады.
-“QazaqGaz Aimaq» АҚ облыстық филиалының қолданыстағы инвестициялық бағдарламасы аясында Қожасай ауылын газдандыру жұмыстары жүргізілді. Міне, бүгін халық игілігіне беріліп отыр. Осы уақытқа дейін ауқымды жұмыстар жүргізілді. Ірілі-ұсақ мәселелер де болды. Бірақ сіз бен біз бұл істі абыроймен атқардық. Ауылымыз өркендей берсін. Біз қолымыздан келгенше барлық жағдайды жасауға тырысамыз, — деді аудан әкімі.
Бұл күнді асыға күткен тұрғындардың қуанышында шек жоқ.


Қожасай ауылын газдандыруға бюджеттен 1,5 миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсалған.
екен. Осыған дейін ауыл халқы жыл сайын күн суытқанда тезек теріп, көмір жағып, күл шығаратын еді. Бұл шаруа әсіресе, қарияларға қиындық туғызатын. Сондықтан болар, табиғи газдың берілгеніне көпшілік қатты қуанды.
Қожасай ауылында 49 тұрғын үй бар. Бүгінде оның ішінде 27 үйге көгілдір отын кіріп тұр. Ал қалғандары құжаттарын дайындау үстінде.

Ұқсас ақпараттар

Қарағандыда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

admin_mugalzhar

Су тасқыны орын алған кезден бастап 45 мыңға жуық бала эвакуацияланды

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар бұдан былай әскерге SMS арқылы шақырылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.