«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан алтын сатып алудан әлемде 2-орынға шықты

BestBrokers порталының дерегінше, Қазақстан биыл алтын сатып алу көлемі бойынша әлемде екінші орынға көтерілді.
Зерттеу авторлары жыл басынан бері ұлттық банктердің сатып алған алтын мөлшерін салыстырған.
Бірінші орында – Польша (67,1 тонна), екінші – Қазақстан (32,4 тонна), ал үшінші – Қытай (22,7 тонна).
Алғашқы ондыққа сондай-ақ Түркия, Чехия, Камбоджа, Гана, Қатар, Үндістан және Сербия кірді.
Алтын қорын азайтқан елдер қатарында Өзбекстан мен Ресей бар.
Әлемдегі жалпы алтын қоры жөнінен АҚШ көш бастап тұр, одан кейін Германия мен Франция орналасқан.

Ұқсас ақпараттар

21 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛҒАН

admin_mugalzhar

ЖҰРЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ ЕМБІ ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar