«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Гамзат ЖОЛДАСОВА, Желтоқсан оқиғасының куәгері: ЖАСТАРДЫҢ ТОЛҚУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ

-Мен ол кезде 1-ші курстің студенті болатынмын. Жастардың бейбіт шеруі 16 желтоқсан күні басталды. Мен сол күні алаңға барып, көзіммен көрген болатынмын. Сол себепті өзімді желтоқсан оқиғасының қатысушысы емес, куәгері деп есептеймін. Келесі күндері бізді мұғалімдеріміз «сендер жассыңдар» деп алаңға жібермей қойды. Бірақ біз жатақханада отырып тәуелсіздікті талап еткен жоғары курс студенттеріне плакаттар дайындадық. Ол плакаттарда «Қазаққа қазақ басшы болуы керек», «Әр ұлтқа — өзкөсемі» секілді ұрандар болды. 1986 жылдың 16 желтоқсанында жастарды алаңға алып шыққан себеп – ол ұлтқа деген сүйіспеншілік, отанға деген махаббат. Олар билік басына қазақтың ұлттық менталитетін білмейтін, қазақы құндылықтар дана да адамды әкеліп қойғанына қарсы шықты. Бұған дейін баскөтеру 15 Одақтың басын қосқан алпауыт мемлекеттің тарихында болмаған еді. Бұны қазақ жастары жасай алды. Қаншама жастар мерт болып, елі үшін құрбан болды. Қаншамасы сотталды. Осы толқудан кейін барып, Кеңес Одағының іргетасына сызат түскендей болады… Сөйтіп 1991 жылы Одақ ыдырап, еліміз тәуелсіздігін алды. Қазіргі уақытта аудандағы желтоқсаншылармен кездесіп тұрамыз. Бәрінің тілегі – еліміздің гүлденіп, дамуы. Сөз соңындаайтарым – қала аумағынан желтоқсаншылардың құрметіне ескерткіш ашылып, гүл шоқтарын қойып, еске алатын орын болса деймін…

Ұқсас ақпараттар

Елімізде тағы бір Назарбаев даңғылы пайда болады

admin_mugalzhar

Жасанды интеллект туралы заң жобасын

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА КӘСІПҚОЙ БОКС ӨТЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.