«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША АЗАМАТТАРДЫ ТЕГІН ДАЯРЛАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша азаматтарды өтеусіз негізде даярлауға іріктеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Іріктеуге денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, жасы 17 жас 6 айдан 22 жасқа дейінгі, дайындық аяқталғаннан кейін мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар қатыса алады.
Дайындық кезеңінде азаматтарға В, C, C1 санаттары бойынша жүргізуші куәлігін тегін алу мүмкіндігі қарастырылған.
Аталған даярлықтан өткен азаматтар кейін мерзімді әскери қызметке жіберіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жүгінуге болады.

Ұқсас ақпараттар

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

ҚОЛ ДОБЫНАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ЕУРОПАЛЫҚ  ИММУНДАУ – ІНДЕТКЕ ЖОЛ БЕРМЕУ

admin_mugalzhar