«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КҮН ТӘРТІБІНДЕ — ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ

Мұғалжар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі, Жастар істері жөніндегі кеңестің төрағасы Дархан Ермағанбетовтің төрағалығымен кеңестің 2025 жылғы ІІ отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, бөлім басшылары және жастар саласына жауапты мамандар қатысты.
Күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша орта мектепті бітірген түлектердің грантқа түсу деңгейі, мамандықтар бөлінісі және оқуға қабылданған студенттердің тізімі ұсынылды. Сонымен қатар шетелдерде білім алып жүрген мұғалжарлық жастар туралы мәлімет берілді. 2025 жылы түрлі білім сайыстарында жоғары жетістікке жеткен оқушылардың көрсеткіштері де баяндалды. Бұл бағыттағы есепті Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскері Ерасыл Жеңісқали таныстырды. Баяндамадан кейін аудан басшысы грантқа түскен жастардың жетістіктеріне қуана отырып, оқуға түсе алмаған немесе қиын жағдайдағы жастарға да ерекше назар аудару қажет екеніне баса назар аударды. Келесі мәселе нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар бойынша Мұғалжар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров баяндама жасады. Оныңайтуынша, аудандықауруханада диспансерлік есепте токсикоманияға тәуелді – 2, нашақорлық дертіне шалдыққан – 4 адам тіркелген. Барлығы психиатр-наркологтың бақылауында.
Ал аудандағы діни ахуал бойынша Мұғалжар аудандық Жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық басшысы Әділжан Маусымов баяндама жасады. Ол бүгінде теріс діни ағым ықпалында жүрген жастармен мамандардың жеке профилактикалық жұмыс жүргізіп, отбасымен байланыс орнатып, психологиялық қолдау көрсететініне тоқталды. Кеңес соңында Мұғалжар аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Айдана Нағашыбай жастарға арналған жобалар, волонтерлікбастамалар, әлеуметтік қолдау шаралары және түрлі бағыттағы іс-шаралар туралы есеп берді. Баяндамалар тыңдалғаннан кейін аудан әкімі Дархан Ермағанбетов кеңес мүшелеріне жастар саясаты бағытында атқарылатын жұмыстардың сапасын арттыру қажеттігін ерекше атап өтті. Аудан басшысы әр сала жетекшісіне өз құзыретіаясынданақтыәріжүйелі жұмыс жүргізуді, көрсеткішті сөз жүзінде емес, ісжүзінде дәлелдеуді тапсырды.
Шара соңында жастар саясатының дамуына өз үлестерін қосып жүрген мұғалжарлықтарды марапаттау рәсімі өтті.
А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Елордада Үш арысқа ескерткіш орнатылып, Жазушылар үйі ашылды

admin_mugalzhar

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстандағы бірқатар өңірде ТЖ режимі алып тасталады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.