«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЛАЛАРҒА БАҒЫТТАЛҒАН ИГІ ДӘСТҮР

ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА «КАЗГЕОРУД» ЖШС-І ЖАҚЫН МАҢДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ БАЛАЛАРЫНА ҚУАНЫШ ПЕН МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ.
Компания Қайыңды, Қопа, Бөгетсай ауылдық округтеріндегі балабақша тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларына, сондай-ақ Ембі қаласындағы мүгедектігі бар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәтті жаңа жылдық сыйлықтар дайындады. Жалпы алғанда, мерекелік жиынтықтар 274 балаға табысталды. Компания өкілдерінің айтуынша, Жаңа жыл алдында балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау кәсіпорынның жыл сайынғы игі дәстүрі. Айта кету керек, жақын маңдағы елді мекендердің балаларын қолдау «КазГеоруд» ЖШС-і қызметінің ажырамас бөлігіне айналған. Әр жылдары компания бірқатар бастамаларды жүзеге асырды. Атап айтатын болсақ, Қайыңды ауылында заманауи спорт алаңы салынды, Алтындыдағы жаңа мектепке спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды, ал бірінші сынып оқушыларына жыл сайын қажетті оқу құралдары бар рюкзактар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

Үндістан коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша әлемде екінші орынға шықты

admin_mugalzhar

ШЕҢГЕЛШИ АУЫЛЫНДА ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ТӘРТІП ЖОЛЫНДАҒЫ БІР КҮН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.