«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2026 ЖЫЛ: МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН АЗАМАТТАР САНЫ АРТАДЫ

Елімізде шамамен 17 миллион адам МӘМС жүйесінде сақтандырылған – бұл халықтың 82%- дан астамы. Олардың 12 миллионы жеңілдік санатына кіреді: балалар, студенттер, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүгедектігі бар жандар. Тағы 4,5 миллион адам жарналарды өздері төлейді. Сонымен бірге 3 миллионнан астам адамның сақтандырылған мәртебесі жоқ, олардың шамамен 1 миллионы өздігінен жарналарды төлей алмайтын азаматтар. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар үшін жергілікті атқарушы органдар төлейтін болады. Сондай-ақ ресми тіркелген жұмыссыздардың жарналарын да жергілікті бюджеттен төлеу қарастырылған. Осы санаттарға кіретініңізді білу үшін тіркелген емханаңызға жүгініңіз. Сақтандырылған азаматтар үшін тегін анализдер, дәрігердің кеңесі, жоспарлы операциялар, емдеу және оңалту қызметтері қолжетімді!

Егер жаңа жылдан бастап мәртебесі сақтандырылса, артериялық гипертензиясы бар жұмыссыз пациенттер МӘМС аясында қызмет алады
Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 1,5 млн адам артериялық гипертензия диагнозымен есепте тұр. Жыл сайын инсульт, миокардин фарктісі сияқты артериялық гипертензияның 50 мыңнан астам асқынуы тіркеледі. Мұндай пациенттер кардиологқа тұрақты түрде барып, тексерулерден (ЭКГ, СМАД, холтер) өтіп, дәрі-дәрмектерді жүйелі қабылдау қажет. Ал асқынулар туындаған жағдайда бірнеше жүз мыңнан бірнеше миллион теңгеге дейін жететін операциялар қажет болуы мүмкін.

Қымбат операциялар МӘМС аясында тегін жасалады
Күнделікті өмірде бәрі бақылауда тұрғандай көрінеді. Бірақ денсаулыққа қатысты күтпеген жағдайлар кез келген уақытта тіпті денсаулығы мықты, иммунитеті жақсы адамдардың өзінде де орын алуы мүмкін. Мұндай сәттерде емдеуге кететін үлкен қаржылай шығындарға дайын болмауымыз мүмкін.

Созылмалы бүйрек ауруы бар пациенттер МӘМС аясында ем алады
Қазақстанда 25 мыңнан астам адам созылмалы бүйрек ауруымен есепте тұр. Ауру асқынған жағдайда жүрек жетіспеушілігіне, инсультке, өлімге алып келуі мүмкін. Келесі жылдан бастап созылмалы бүйрек ауруын бақылау және емдеу МӘМС пакетіне енгізіледі. Пациенттер қажетті мамандардан кеңес алып, диагностикалық тексерулерден өтеді, емханадан дәрі-дәрмек алады, сондай-ақ гемодиализден өтеді (қазір 8 мың пациент гемодиализге мұқтаж). Сондай-ақ МӘМС шеңберінде бүйрек трансплантациясы да жүргізіледі.

Қант диабеті бар пациенттер МӘМС аясында қызмет алады
Қант диабеті – әлемдегі ең кең таралған инфекциялық емес аурулардың бірі. Қазақстанда бұл диагнозбен шамамен 500 мыңға жуық адам өмір сүреді. Ол талдаулар тапсыру, дәрігерлер кеңесін алу, емді бақылауды қоса алғанда бір реттік емдеуді емес, тұрақты бақылауды талап етеді.

18 жасқа толған баланың мәртебесі қалай сақтандырылады?
Әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Бұл 12 миллионнан астам адамды құрайды. Әдетте ата-аналар 18 жасқа толған балалары әрі қарай да МӘМС аясында медициналық көмек алуын жалғастыра ма деп сұрайды. Мәртебені жоғалтпаудың бірнеше жолы бар. Егер бала 18 жасқа толған кезде мектепте оқыса немесе ары қарай жоғары оқу орнына түссе, күндізгі бөлімде оқитын тұлға ретінде жеңілдік санатында қалады. Егер баланың мүгедектігі болса, мемлекет жасына қарамастан жарна төлеуін жалғастырады. Себебі бұл тұлғалар да жеңілдік санатына кіреді. Егер бала кәмелет жасқа толған соң жұмыс істемесе, ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеле алады. Ондай жағдайда жергілікті атқарушы органдар ол үшін жарна төлейді. Сонымен қатар азамат ресми түрде жұмысқа орналасса немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, өзі төлейтін жарналар есебінен сақтандырылады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам сақтандыру мәртебесін қалай алады?
Ресми түрде жұмыс істемейтін, бірақ табыс табатын адамдар МӘМС жарналарын да, басқа да міндетті төлемдерді төлемейді. Алайда кей жағдайларда сақтандырудың болуы шешуші рөл атқарады. Жоспарлы медициналық көмек қажет кезде азаматтың мәртебесі сақтандырылмаған болса, медициналық қызметтерді ақылы түрде алуға тура келеді. Бір ғана диагноз қоюүшінондаған, тіптіжүздегенмың теңге қажет болуы мүмкін. Ал сақтандырылған мәртебесі болған жағдайда бұл қызметтерді жоспарлы түрде МӘМС есебінен алуға болады. МӘМС жүйесіндегі сақтандырудың бір жылдық құны бар болғаны 51 000 теңге немесе айына 4 250 теңге, ал көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне шектеу қойылмайды.

2026 жылдан бастап МӘМС бірнеше созылмалы ауруды қамтиды
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар созылмалы ауру түрі МӘМС пакетіне енгізіледі: олар — қант диабеті, сал ауруының балаларға тән түрі, ревматизм, дәнекер тіндердің жүйелік зақымданулары. МӘМС созылмалы аурулардың басым бөлігін қамтиды, ал әлеуметтік маңызы бар 11 ауру тобы бұрынғыдай ТМККК шеңберінде қаржыландырылады: туберкулез, АИТВ, қатерлі ісіктер, вирустық гепатиттердің созылмалы түрлері мен бауыр циррозы, психикалық бұзылыстар, орфандық аурулар, жүйке жүйесінің деген еративті аурулары, орталық жүйке жүйесі демиелинизирлеуші аурулары, эпилепсия, жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай), инсульт (бір жыл ішінде). Барлық сақтандырылған азаматтар емді, дәрігер кеңесін және қажетті дәрі-дәрмектерді МӘМС аясында бұрынғыдай тегін алады. 12 миллионнан астам адам жеңілдік санатына кіреді – олар үшін мемлекет төлейді. Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дағдарыстық жағдайдағы шамамен 1 миллион азамат жергілікті атқарушы органдар есебінен сақтандырылатын болады. Сіз «D» немесе «E» санатына жататыныңызды білу үшін тіркелген емханаңызға жүгініңіз.

Сақтандырылған болсаңыз — МӘМС бойынша тегін анализдер, диагностика, дәрігерлер кеңесі, жоспарлы операциялар, емдеу және оңалту қызметтері қолжетімді!
Бизнес ұжымның МӘМС-тегі мәртебесіне неге көңіл бөлгені абзал?
Кәсіпкерлер көбіне бизнес-процестердің үздіксіз жүруі мен табыс табуға баса назар аударады. Алайда компанияның қызметіне әсер етуі мүмкін бір маңызды тәуекел назардан тыс қалып жатады. Бұл – ұжымның денсаулығы. Компания ресурстарынан айырылғанда, жекелегеноперациялар тоқтайды, мерзімдер бұзылады, тіпті келісімдер де жүзеге аспай қалуымүмкін. Сондықтан ең құнды актив – қызметкерлер. Егер оларға медициналық көмек қажет болса, олардың қорғалған болуы аса маңызды. Қызметкерлеріңіз үшін жарналар мен аударымдар төлей отырып, сіз оларға МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді қолжетімді етесіз, ал өзіңіз үшін – тұрақтылықпен қызметкерлердің амандығын қамтамасыз етесіз.
Біле жүріңіз!
2026 жылдан бастап мақала ішінде аталған ауру түрлерімен ауыратын науқастардың емі мен диспансерлік бақылауы МӘМС жүйесіне енгізіледі. Яғни, барлық жоспарлы қабылдаулар, қажетті тексерулер және дәрі-дәрмектер, қажетті барлық операциялар олар үшін қосымша төлемсіз қолжетімді болады. Ол үшін әр адамның мәртебесі МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы керек. Егер денсаулығының сақтандырылмаған жағдайда бұл аталған медициналық қызметтердің барлығы ақылы болады. Ал МӘМС жүйесінде бір жылға сақтандырылған мәртебесін алу 51 000 теңге (айына 4 250 теңге) тұрады.
Біле жүріңіз!
Мәртебені тексеру үшін кез келген ыңғайлы құралды пайдалана аласыз Telegram-дағы SaqtandyryBot (https://t.me/SaqtandyryBot); ӘМСҚсайты (https://msqory.kz/ru/naseleniyu/uznat-statuskalkulyator-osms/uznat-status-zastrakhovannosti/); Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы; eGov.kz сайты немесе eGov mobile мобильді қосымшасы; Cондай-ақ кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.

Айбек СҮГІРОВ, Мұғалжар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасарыhttps://t.me/SaqtandyryBot

Ұқсас ақпараттар

МЕКТЕПТЕГІ ЖАСЫЛ АЙМАҚ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының аумағында «Бекет-2025» ведомствоаралық оқу-жаттығулары өтеді

admin_mugalzhar

Ұлттық музыка өнерінің негізін салушы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.