«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде заңсыз иеленген активтер есебінен салынып жатқан балабақша құрылысы қарқынды

Балабақша ерекше балаларға арналған, 300 орындық. Құрылысы 2026 жыл аяқталады деген жоспар бар. Аталған жоба ерекше балалардың қолайлы ортада дамуы мен тәрбиеленуіне жағдай жасап, инклюзивті білім беру саласына серпін береді, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Еске салайық, нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражат есебінен бой көтеруде. Жобаның жалпы құны 8 млрд теңгеге жуықтайды.

Ақтөбе қаласы Есет батыр шағын ауданында ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған 300 орындық арнайы балабақшаның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Биылғы жылдың 10 сәуірінде басталған жобаның облыс үшін әлеуметтік маңызы зор.

Бүгінгі күн мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша мердігер мекеме ретінде «Казстройподряд» ЖШС анықталып, келісімшарт жасалды. Техникалық қадағалауды «МАСТЕР Металл Пласт» ЖШС, ал авторлық қадағалауды «Актюбгражданпроект» ӨК жүзеге асыруда.

Балабақша ғимараты ерекше архитектуралық шешіммен жобаланған. Жалпы аумағы 20 172,73 шаршы метрді құрайтын нысан гүл пішініндегі орталық және 5 екі қабатты блоктардан тұрады. Әр блок орталық атриуммен өткелдер арқылы байланысады. Орталық блокта қысқы бақ пен кіреберіс вестибюль орналаспақ.

Ал №1 блокта – тірек-қимыл аппараты бұзылған, №2 блокта көру қабілеті бұзылған, №3 блокта есту және сөйлеу қабілеті бұзылған және №4 блокта зияткерлік дамуында ауытқуы бар балаларға қызмет көрсетіледі, №5 блокта ортақ пайдалануға арналған үй-жайлар (медициналық бөлім, изолятор, акт залы, бассейн, әкімшілік және асхана бөлімі) және №6 блокта атриуммен табиғи жарық түсетін вестибюль, зал және консерватория болады.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаевпен бірге аталған нысанның құрылыс барысын, атқарылып жатқан жұмыстарды бағамдады. Жауапты мемлекеттік орган басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, өңір үшін әлеуметтік маңызы бар нысанға бөлінген арнаулы бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын белгіленген кестеге сай, мерзімінде сапалы аяқтауды міндеттеді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда бүгіннен бастап темекі дүкен сөрелерінде тұрмайды

admin_mugalzhar

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

admin_mugalzhar

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.