«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Міндетті медициналық сақтандыру қоры неге Қаржы министрлігіне берілді?

Міндетті медициналық сақтандыру қоры (МӘМС) Қаржы министрлігінінің қарамағына өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында қор жұмысын кешенді тексеру барысында көптеген заңбұзушылықтар анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің айтуынша, тексеріс барысында қор қызметінен мемлекет қаражатын орасан зор көлемде жымқыру мақсатында жасалған құжаттарды қолдан жасау және өтірік мәлімет қосу сияқты фактілер анықталған. Мемлекет басшысы бүкіл ел экономикалық өсім мен инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға күш салып жатқанда, әлеуметтік салаға бөлінген қаржының талан-таражға түсуіне жол берілмейтінін қадап айтты.

«Міндетті медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы Үкіметтің шешімін қолдаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы 2024–2025 жылдары денсаулық сақтау саласын дамытуға мемлекет тарапынан 7,8 трлн теңге бөлінгенін еске салды. Бұл шығындар ең алдымен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және «Әділетті Қазақстан» құру стратегиясына негізделген. Осыған байланысты Президент құқық қорғау органдарына жемқорлық схемаларынан пайда көрген барлық тұлғаларды анықтауды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қорда анықталған кемшіліктерді әлеуметтік сала басшыларының кәсібилігінің төмендігінен және олардың мемлекет мүддесіне деген бейжайлығынан деп бағалады. Енді бұл саладағы қаржының жұмсалуы Қаржы министрлігінің тікелей бақылауында болады.

Еске салайық, Мемлекет басшысы жаңа Парламенттің атауын «Құрылтай» деп атауды ұсынды.

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛ ШАРУАЛАРЫ ЕЛОРДАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕГЕ ҚАТЫСТЫ

admin_mugalzhar

2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды

admin_mugalzhar

МЕКТЕПТЕРДЕ САБАҚ 2 ҚЫРКҮЙЕКТЕ БАСТАЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.