«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЭС — ҚАУІПСІЗ ӘРІ ТАЗА ЭНЕРГИЯ КӨЗІ

Камшат ЕРМАҒАМБЕТОВ, аудандық мәслихат төрағасы:

АЭС салу арқылы ең алдымен елімізде жаңа технологиялық бағыт пайда болады. Сонымен бірге экономикалық тұрғыда тиімді және елдің инвестициялық тартымдылығы артады. Шетелдің ірі-ірі компаниялары АЭС-ті сенімді энергия көзі ретінде бағалайды, екінші жағы, заманауи технологияны қолданатын ел ретінде мойындайды. Екінші жағы, экологиялық тұрғыда тиімді. Өйткені ауаға газдар бөлінбейді. Үшіншіден, қауіпсіздігі жағынан толық кепілдік беріледі.

Тағы бір айта кететін мәселе, АЭС – тұрақты әрі үздіксіз энергия көзі. Әзірге атом энергетикасының орын басатын өзге станциялар жоқ. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда электр қуатының 70%-і көмірден, 20%-і газдан, 3%-і жаңартылатын энергия көздерінен, қалғаны судан өндіріледі. Бүгінде еліміздегі көмір станциялардың 70 пайызы тозған. Оған қоса жыл сайын электр энергиясын тұтыну 3 пайызға өсіп отыр. Болашақта электр энергиясының тапшылығы орын алуы әбден мүмкін. Себебі бар тірлігіміз электр энергиясына тәуелді екені сөзсіз.

Жылу электр станциясынан электр энергиясын өндіру кезінде қоршаған ортаға едәуір зиянын тигізеді. Атап айтатын болсақ, бұл аталған станция жылына ауаға 7-120 тоннаға дейін күкірт тотығын, 2-20 тоннаға дейін азот тотығын, оған қоса 700-1500 тоннаға дейін майда күл, 3-7 млн тоннаға дейін көмірқышқыл газын жіберіп ластайды. Оған 400 тоннаға жуық уытты металл яғни, мышьяк, кадмий, қорғасын, сынап секілділерді қосыңыз. Ал газдан алынатын электр энергиясын өндіру кезінде 81,6 пайыз көмірқышқыл газы, 12,4 пайыз метан газы, 5,6 пайыз азоттың шала тотығы ауаға таралады. Бұлардың барлығы адам денсаулығына өте қауіпті. Енді қараңыз, елімізде салынатын атом электр станциясы іске қосылып, электр энергиясын өндірген жағдайда жоғарыда аталған улы заттардың ауаға таралуы нөл пайызды құрайды. АЭС салу — энергия өндірумен қатар, табиғатқа экологиялық зиянын тигізбейді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық ауыл тұрғындары бизнесті дамытуға 2,5%-бен несие ала алады

admin_mugalzhar

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar

АЭС: ҚОРҚЫНЫШ және КҮДІК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.