«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Индира Рыстина: Жаңа Конституцияда білім мен ғылымға ерекше назар аударылды

Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым елдің дамуы мен жастардың болашағы үшін басты тірек ретінде белгіленді. Бұл пікірді саясаттанушы, ЕҰУ-дың сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры Индира Рыстина білдірді.

Оның айтуынша, Конституцияның 84%-ы жаңартылып, 77 бапқа түзетулер енгізілген, екі жаңа бөлім қосылған. Саяси жүйеде бірпалаталы Парламентке көшу – қоғамға тосын жаңалық емес, себебі соңғы жарты жыл бойы талқыланған. Ал білім мен ғылымға жеке орын берілуі ерекше назар аударуға тұрарлық.

– Елде 120-дан астам жоғары оқу орны жұмыс істейді, жүздеген мың студент білім алады, жастар халықтың шамамен үштен бірін құрайды. Сондықтан білім мен ғылымды Конституция деңгейінде нақты бекіту – елдің дамуына және жас ұрпақтың болашағына арналған стратегиялық шешім. Бұл елдің инновациялық әлеуетін нығайтып, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, — деді Индира Рыстина.

Саясаттанушы соңғы бес жылда ғылымға жүйелі қолдау жасалғанын атап өтті. Мәселен қаржыландыру артты, жаңа жобалар іске қосылды, зерттеу инфрақұрылымы жаңарды, жас ғалымдарға әлеуметтік қолдау тетіктері жасалды, кейбір жас ғалымдарға Президент үй берген.

– Бұл шаралар студенттік ортада да қолдау тапты, себебі олар тек оқытуды емес, елдің болашағы мен білім арқылы дамитын қоғамды қамтамасыз ететін жолды көрсетеді. Жаңа Конституция елдің даму бағытын айқындап, білім мен ғылымды басты тірекке айналдырады, — деп түйіндеді саясаттанушы.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

Жаңа Салық кодексі: Негізгі өзгерістер

admin_mugalzhar

Су ресурстары қатаң бақылауда: көлеңкелі нарықпен күрес алғашқы нәтижесін берді. 2025 жылдың басынан су заңнамасын бұзушылардан 2,9 млн теңге өндірілді

admin_mugalzhar

Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстанның қарсыластары анықталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.