«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАУ ЕТЕГІНДЕГІ ЕЛДІҢ ТЫНЫСЫ…

ӨТКЕН АПТАДА ГАЗЕТ ТІЛШІЛЕРІ МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНА ІССАПАРМЕН БАРДЫ. ІССАПАР БАРЫСЫНДА АУЫЛДЫ АРАЛАП, БҮГІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСЫП, ЕҢБЕК АДАМДАРЫМЕН ТІЛДЕСТІ.

МҰҒАЛЖАРДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ІСТЕР

Ауылға беттеген сәтте мен мұндалаған тау Мұғалжардың маңғаз көрінісіне тап болдық. Қыраты мен жотасы талай тарихты сыйдырған кәрі құрлықтың бөктерін жайлаған елдің тұрмысы өткен жылдарға қарағанда біршама түзелген секілді. Себебі ауылға кіреберістен бастап, тасжол төселіп, жол бойына тал көшеттері отырғызылыпты. Біздің алғашқы аялдамамыз ауыл әкімдігі болды. Әкімдіктің де ішісырты жөнделіп, есік алдына тас төсеніштер төселген. Бізді жылы шыраймен қарсы алған ауыл әкімі Әлімжан Қорғанбай бүгінде ауылдажүзеге асырылыпжатқанжұмыстар туралы баяндады.

Қазіргі таңда ауылда жалпы саны 1732 тұрғын бар. Мектебімізде 350 оқушы оқиды. Балабақшада 90-нан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Бірнеше теміржол мекемелері бар. Ауыл тұрғындарының көпшілігі «Көктас-Ақтөбе» АҚ-ы, «Теміржол құрылыс Атырау», «Кентас», «НұрСтройСистем», «СинеМидасСтрой» ЖШС-терінде жұмыс жасайды. Ауылда жұмыссыз, сенделген адам жоқ деуге болады. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық әл-аухаты жақсы деп толық айта аламын. Ауылдың ішкі жағдайының тұрақтылығы, кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу — алдыға қойып отырған басты мақсатымыз. Ел игілігі жолында еңбек етіп, ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеріп, кәсіптің көкжиегін кеңейтсек — біздің міндеттің орындалғаны. Осы мақсаттың үдесінен шығу үшін де жүйелі жұмысжасаудамыз. Мұғалжарлықтар ауылға газдың кіруін ұзақ күтті. Жақын арада көгілдір отын халық игілігі үшін таратылатын болады. Сонымен бірге ауыл бойынша барлық электр желілері жаңартылып, көшелерге асфальт төселіп жатыр. Демеушілікпен әлеуметтік нысандардың маңына тал көшеттерін отырғызып, саябақтарға демалушылар үшін тастөсеніштер төсеп жатырмыз, — деді ауыл әкімі.

ҚОҚЫСТАН ТАЗАРҒАН МЕКЕН

Әлімжан Өмірсерікұлының ауылға әкім болып сайланғаннан кейінгі қолға алған алғашқы шаруасы ауылды қоқыстан тазарту болған. Оны ауыл тұрғындары да растады. Ауыл тұрғыны Райлан Құлбаева өткен жылы ауылды қоқыстан тазарту бойынша көптеген жұмыстардың жасалғанын жеткізді.

Мен осы ауылдың тұрғынымын. Ауылымызға Әлімжан ағай басшы болып келгелі тұрғылықты халық қуанатындай жақсы шаруалар атқарылуда. Бұрын ауылдың іші күл-қоқыстан таутөбе болып, үйіліп жататын. Ол жерге малдың тезегін де, үйінен шыққан қатты тұрмыстық қалдықтарды да тастайтын. Қоқыстар сыртқа шығарылғалы көшелеріміз тазарып, кеңіп қалды. Ауылдың таза болғаны өзімізге жақсы, денсаулығымыз үшін маңызды, — деді ол.

Ауыл көшелерінде үйілген қоқыстармен қатар, ауыл тұрғындарының ауласындағы қоқыстардың барлығы қоқыс полигонына ақысыз түрде, демеушілікпен шығарылған.

Өткен жылы ауылдан қоқыс жүк көлігімен 800 рет тасымалданып сыртқа шығарылған. Қоқыс орындары түгелдей тазаланып, тегістелді. Қоқыс шығаружұмыстарына бюджеттен ешқандай қаржы бөлін-беді. Ауыл аумағындағы кәсіпорындардың басшылығымен келісімге келіп, демеушілікпен жасаттық. Таудың арасынан ойпаң жерді белгілеп, полигон жасадық. Ол ауылдан 3 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде қоқыстар сол жерге төгілуде. Биылдың өзінде ауылдағы 146 үйдің қоқысы тегін шығарылды, — деді Әлімжан Өмірсерікұлы.

ТАЛ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛЫП, ТАСТӨСЕНІШТЕР ТӨСЕЛУДЕ

Іссапар барысында ауылды абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен де таныстық. Осы жылы көктемде ауыл аумағына 700-ден астам тал көшеттері отырғызылыпты. Ауыл әкімі Әлімжан Қорғанбай отырғызылған көшеттерді сатып алуға бюджеттен қаражат шығармай, демеушілікпен алғанын айтты.

Талдарды ауыл аумағындағы «Үш би» саябағына, «Әлия мен Мәншүк» аллеясына, «Ұлы Отан соғысы ардагерлері» мемориалды алаңына, әкімшілік пен мешіт ауласына, вокзал маңына, «Құлқай әулие» шырақшысының үйі мен үлкен бейіттің алдына отырғыздық. Көшеттерді тамшылатып суару әдісі арқылы өсірудеміз. Егілген талдар, суаруға арналған қажетті құбырлар ауыл аумағындағы кәсіпорындар басшылығының демеушілігімен алдынды, — деді ол.

Біз барған «Үш би» саябағындағы, «Құлқайәулие» үйіндегі, бейіт алдындағы, вокзал маңындағы, әкімшілік ауласындағы отырғызылған теректер жайқалып өсіп тұр екен. Талдардың түбіне пластик құбырлар тартылып, тамшылатып суаруға арналған түтікшелер қойылыпты. Сырты темір қоршаулармен қоршалған. Олардың қурап қалмауына, уақытылы суарылуына әкімдік жанынан ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған жұмысшылар жауапты. Ауыл әкімдігі әкімшілік алдынан өтіп жатқан Зауыт көшесінің төменгі жағынан ауыл тұрғындары үшін саябақ салуды жоспарлап отырғанын, алдағы уақытта саябақтың жобалық сызбасын демеушілікпен жасатуға жұмыстанатынын да жеткізді, ауыл әкімі.

Бүгінде ол жерге де тал көшеттері отырғызылыпты. Жоғарыда аты аталған мәденидемалыс орындары мен әлеуметтік нысандардың аумағына тастөсеніштер төселуде. Тастөсеніштерді кәсіпкер Жанат Жақыпова демеушілікпен алып берген екен.

ӘМБЕБАП 10 КЕЛІНШЕК

Әңгіме барысында ауыл әкімі ауылында жұмыссыз жүрген адамдардың жоғын айтқан еді. Иә, шынымен де ауылда жұмыссыз жүргендер жоқ болып шықты. Әкімшілік жанынан берілетін ақылы қоғамдық жұмысқа бала тәрбиесімен айналысып отырған нәзікжандылар ғана келеді екен.

Ауылдағы ер азаматтардың барлығы өндіріс орындарында жұмыс жасайды. Ауылдың ішіндегі қоқысшығару, тастөсеніштөсеу, тал егу, оларды суару, арам шөптерді жұлу, жер қазу секілді жұмыстардың барлығын әйел адамдар атқарады. Ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған ауылда 10 келіншек бар. Олар – Ақмарал Тлесова, Әсемгүл Қалиева, Динара Қанаева, Райлан Құлбаева, Элмира Қуанышева, Салтанат Төлепбергенова, Жамиға Турахметова, ГүлдариғаШамуршанова, Ақзада Маханбетова, Людмила Чаплыгина, Лариса Абдуғалиева. Осы жандардың еңбегін айтып өтпеске болмайды. Шағын ауылдың етек-жеңін қымтап, абыройын асырып, түтінін түзу ұшыруда тыңғылықты еңбектерімен тер төгіп жүр десем болады. Ауыл ішінде жасалып жатқан жұмыстарының барлығын осы келіншектер жасайды, — деді Әлімжан Қорғанбай.

Ақылы қоғамдықжұмыс ар қылы жұмысжасайтын 10 келіншектіңбірі Райлан Құлбаева жұмысты ауыржеңіл деп талғамайтындарын, шын ниеттенген адамның қолынан кез келген істің келетінін жеткізді.

Әкімшілікте бас маман қызметін атқаратын Жанат Бекбауов есімді жігіт бар. Жанат кеңседегі жұмысынан бөлек, бізді қасынаалып, қара жұмысты қатар атқарады. Ол бізге тастөсенішті қалай төсеу керегін айтып, тастарды кесу, балшықты илеу секілді жұмыстарды үйретеді. Сол кісінің үйретуі бойынша біз де барлығын тиянақты жасауға тырысамыз. Қоқыс шығару керек болса, қоқыс шығарамыз. Қар күреу керек болса, қар күрейміз. Қандай жұмыс болсада талғамаймыз. Ауылдағы саябаққа, әкімшіліктің алдына тастөсеніштерді өз қолымызбен төседік. Жасалған жұмыстарға қарап, ауылдың пайдасына жарап жатқанымызды көріп, өзімізге риза боламыз, — деді Райлан есімді келіншек.

КӨГІЛДІР ОТЫН: 1 МЛРД 800 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Өткен жылы Мұғалжар ауылына Ембі қаласынан газ құбырын тарту жұмыстары басталған еді. Ауыл тұрғындары көгілдір отынның игілігін жақын арада көреді деп жоспарлануда. Бүгінде ауылішілік газ тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Соңғы жұмыстары ғана қалған.

Ауылға газ тарту жұмыстарын «Алия сервис» ЖШС-і жүргізуде. Ауылды көгілдір отынмен қамтуға бюджеттен 1 млрд 800 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда қазылған жерлерге құбырлар салынып, беті толығымен жабылды. Газ тарту жұмыстарына манипулятор, кран, тиегіш, экскаватор және құбырларды дәнекерлейтін техникалар жұмылдырылды. Техникалық қадағалаушы мамандар жүргізілген жұмыстарды тексерді. Барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың қасына газ тарату түтікшесі қойылды. Ауыл бойынша 250 үй газ алуға толық дайын отыр, — деді Әлімжан Өмірсерікұлы.

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚТАЙ ЖАҢАРТЫЛУДА

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Мұғалжар ауылында жасалып жатқан жүйелі жұмыстардың бірі – электр желілерінің жаңартылуы. Ауыл әкімінің айтуынша, қазіргі таңда ауылдағы барлық көшелердегі электр желілері толығымен жасалуда. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 252 млн теңге қаражат бөлінген. Жарықты жаңалау жұмыстарын «Универсал Строй Серсис» ЖШС-і жүргізуде.

Мұғалжар ауылы өткен жылы аудандағы тірек ауылдары қатарына кірген еді. Себебі ауылдың экономикалық және демографиялық өсімі жыл сайын артып келеді. Ауылға жастардың да тұрақтап қалуы айқын байқалады. Міне, тірек ауыл мәртебесі арқылы ауылымызға қажетті инфрақұрылымдар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндіктер пайда болды. Барымыз жаңғырып, жоғымыз түгенделуде. Сөйтіп, ауыл халқының сапалы өмір сүруіне мүмкіндіктер ашылуда, — деді ауыл әкімі.

АУЫЛ КӨШЕЛЕРІ АСФАЛЬТТАНУДА

Ауылда жалпы саны 9 көше бар. Бүгінде сол көшелердің 8-іне асфальт салу жұмыстары жасалуда. Олар – Құлқай әулие, Теміржолшылар, Кеншілер, Ынтымақ, Зауыт, Наурыз, Жастар, Тәуелсіздік көшелері. Жалпы ұзындығы 5,7 шақырымды құрайтын ауыліші-лік жолдарды салу жұмыстарын «Жайық Сити» ЖШС-і жүргізуде. Ауыл әкімінің айтуынша, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жол салу жұмыстарына республикалық бюджеттен 457 млн теңге қаражат бөлінген. Жол салуға жауапты мердігер мекеменің өкілі Бақытжан Кенжебаев асфальт төсеу жұмыстарының жақын арада аяқталатынын айтты.

Бүгінде жол төсеу жұмыстарына жалпы саны 15 адам тартылуда. Жол салуға қажетті арнайы техникалар жұмылдырылды. Асфальт төсеуді бекітілген жоба сызбасы бойынша стандартқа сай салып жатырмыз. Қиыршық тас төселіп, битум жағылып, ыстық күйде афвальт төселді. Құрылысқа қажетті материалды Ақтөбе қаласынан алып келдік. Сапасы жақсы, зертханалық тексерістен өтті. Қазіргі таңда соңғы арнайы техникамен нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Енді 900 метр болатын Наурыз көшесін асфальттаймыз. Сонымен бірге жол белгілерін қойып та жатырмыз. Жалпы саны 80-ге жуық жол белгілері қойылады. Барлық жол салынып біткесін жол қиылыстарына, мектептің, балабақшаның, әлеуметтік нысандардың алдына жаяу жүргіншілер жолағы сызылатын болады, — деді «ЖайықСити» ЖШС-нің шебері Бақытжан Кенжебаев.

«АУЫЛ АМАНАТЫ»: 9 ЖОБА ЖОЛДАНДЫ

Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы Мұғалжар ауылында да жүзеге асырылуда. Осы уақытқа дейін ауылдан «Ақтөбе әлеуметтік кәсіпкерлік коорпарациясы» АҚ-на жалпы саны 9 жоба жолданған. Мұғалжарлықтар ұсынған жобалардың құны 24 млн теңгеге жуықтайды. Бүгінде мақұлдама алғандардың алғашқы легіне сұраған қаражаты түсіп, кәсіптерін бастап кеткен.

Қазіргі таңда жоба аясында Мұрат Мұхамбетқалиев шаштараз ашу үшін 2,5 млн теңгеге, Гүлмира Қалиева тігін цехын ашу үшін 5 млн теңгеге, Болат Нұрахметов құс шаруашылығын дамыту үшін 3,4 млн теңгеге қол жеткізді. Бүгінде олар кәсіптерін ашып, халыққа қызмет көрсетуде. Ал мақұлдама алған Айгүл Нұрсейтова, Талғат Жақсыбаев, Бибінұр Жұмабекова құжаттарын толықтырып жинақтауда. Сонымен бірге наубайхана, фастфуд, электро орамасын жөндеу бойынша жеңілдетілген несие алуға ниет білдіріп отырғандар бар, — деді ауыл әкімі.

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР

Іссапар кезінде вокзал маңында орналасқан еңселі ескі үйге бас сұқтық. Ауыләкімініңайтуынша, бұл ғимараттың іргетасы 1900 жылдың бас кезінде қаланыпты. Ғасырдан астам уақыт өтсе де, қабырғасы қасқайып тұрған бұл үйді ауыл тұрғындары өз күштерімен күрделі жөндеуден өткізіп, ауыл балаларына арналған спорт кешеніетіпқайта жасақтамақ.

Бұл ғимараттың тарихы тереңде жатыр. Осы маңға алғаш теміржол салынып, Мұғалжар стансасы пайда болған сәтте ағалы-інілі көпестер көшіп келіп, осы үйді тұрғызған екен. Уақыт өте келе бұл үйде ауыл балалары оқыған. Одан кейін ауыл әкімшілігі болған. Ұзақ уақыт ауыл мешіт деболыпты. Қабырғасы қаратаспен қаланған бұл үйдің сүйегі мықты. Іргетасы биік, жары қалың, мықты етіп салынған. Ауылдың 1947-2001 жылдары аралығында туған азаматтары өздері қаражат жинап, демеушілік көрсетіп, осы ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Ауылда балаларды спортқа тәрбиелеп жүрген Самат есімдіжігіт бар. Өзі теміржол саласында еңбек етеді. Дегенмен, ауыл балаларын боз кілемде белдесуге үйретіп, спортқа машықтап жүр. Осы ғимараттың жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін осы жерге күрес залын жасап беруді жоспарлап отырмыз. Екінші бөлмесіне жаттығуға арналған құрал-жабдықтар қоямыз, — деді ауыл әкімі.

Жөндеу жүргізіп жүрген жұмысшылар аталған ғимараттың ішкі қабырғаларын сылап, есік-терезелерін орнатып, шатырын ауыстырып жатыр екен.

Ғимараттың кіреберісіне қосалқы құрылыс жұмыстарын жүргіземіз. Бұлжердедәретханажәне жуынатын бөлме болады. Сырты қапталып, ауласы көгалдандырылып, тастөсеніш жасалатын болады. Көгілдір отын кіргізіліп, жылу, электр желілері қайта толығымен жасалады, — деді жұмысшылар.

БІР ТОЙЫ БАР…

Ауыл әкімі Әлімжан Қорғанбай қазан айында ауылда үлкен той болатынын жеткізді. Аталған той ауылға көгілдір отынның кіру құрметіне өтпек екен. Ауыл тұрғындары бірлесіп осындай шешімге келіпті.

Ауылымызда ірі-ірі өндіріс орындары жұмысжасайтынынжоғарыда айтып өттім. Үлкен той жасаудағы негізгі мақсатымыз – ауыл тұрғындары мен өндіріс орындарының басшылығын етене таныстырып, жақындастыру. Ауылда 350 орындық үлкен тойхана бар. Тойымызды сонда жасаймыз деп отырмыз. Сол кезде көгілдір отынды салтанатты түрде ашып, ауылдағы жасалып жатқан жұмыстарды көрсеткіміз келеді. Той кезінде спорттық жарыстар ұйымдастыруды да ойлап отырмыз, — деді ауыл әкім.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ Фото: Зайырбек ЕСЕНЖОЛОВ Қандыағаш-Мұғалжар-Қандыағаш

Ұқсас ақпараттар

ОҚУШЫЛАР «МҰҒАЛЖАР» РЕДАКЦИЯСЫНА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі әзірленді

admin_mugalzhar

Қазақстанда қай өңір тұрғындарының табысы жоғары екені анықталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.