«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Конституциялық реформа: қоғамдық диалог және Президенттің жаңа бастамалары

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде елімізде жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформалардың мәні мен мазмұнын, Мемлекет басшысы ұсынған жаңа бастамалардың институционалдық негіздерін талқылауға бағытталған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына университеттің басқарма мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер мен құрылымдық бөлім өкілдері қатысты.

Жиын барысында Конституциялық реформалардың негізгі аспектілері және қоғамдық диалогты институционалдандыру тетіктері мен оларды іске асырудағы академиялық қауымдастықтың рөлі талқыланды.

Сараптамалық баяндамалар мен пікірталастар аясында қатысушылар ұсыныстарын ортаға салып, реформалардың тиімді жүзеге асырылуына ғылыми қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА «АЛТЫН АЛҚАЛЫ» АНАЛАР КӨБЕЙДІ

admin_mugalzhar

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы 25 наурызда басталады

admin_mugalzhar

Мектептерде бейіндік сыныптар ашылуда

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.