«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТЫҚТАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРҒАН ГҮЛНҰР БАХАНОВАНЫ КҮТІП АЛДЫ

Ақтөбе теміржол вокзалынан Орал қаласында ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Шайхиевты еске алуға арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында республикалық турнирде топ жарған жерлесіміз Гүлнұр Баханованы ата-анасы, туған-туыстары, Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Талғат Жуманбетов бастаған ұжымы күтіп алды.

Турнирде жеңіп алған автокөлік кілті Гүлнұр Баханованың ата-анасына салтанатты түрде табысталды. Өз кезегінде ата-анасы республикалық турнирді ұйымдастырушыларға қуаныштарына ортақтасып келген спорт мектебінің ұжымына, бапкері Гүлмира Сағиға және туған-туыстарына алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік Гүлнұр Баханова Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Дзюдо күресінен ҚР Спорт шебері, жастар арасында дзюдо күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР чемпионатының жеңімпазы.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге 28,2 млрд теңге бағытталады

admin_mugalzhar

Су тасқынының алдын алу: 16 өңірде 384 бөгет жөнделді

admin_mugalzhar

МЕНІҢ ӘЖЕМ – АСЫЛ ЖАН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.