«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда қанша адам дауыс бере алады?

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жаңа Конституцияның жобасы бойынша референдумға қанша азамат қатыса алатыны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген 12 416 759 азамат сайлаушылар тізіліміне енгізілді. Яғни бүгінде республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімін жасауға негіз бар. Енді тек қаңтар-ақпан айларындағы көші-қон үдерістеріне және азаматтардан түскен өтініштерге байланысты нақты түзетулер енгізу қажет», деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Азамат Айманақұмов.

Оның айтуынша, референдумды ұйымдастыру үшін сайлау учаскелерінің екі түрі пайдаланылады – азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және уақытша болатын орындарда құрылған учаскелер.

«Жалпы сайлау учаскелерінің саны – 10 413. Оның ішінде азаматтардың тіркелген жері бойынша – 9 779, уақытша болатын орындарда – 634, соның ішінде шетелдегі учаскелер саны – 82. Бұл 82 учаске 64 мемлекетте орналасқан. Референдум комиссиялары мүшелерінің жалпы саны – 71 044 адам», деп атап өтті комиссия мүшесі.

Отырыста 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді.

Ұқсас ақпараттар

Былтыр Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды

admin_mugalzhar

30 градусқа дейін аяз. 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

admin_mugalzhar

ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.