«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Такси: 800 теңге

Мұғалжар ауданында Қандыағаш-Ақтөбе бағытына жолаушылар тасымалдайтын такси көліктерінің жолақысы 800 теңгеге қымбаттады.

Күні бүгінге дейін аудан орталығынан облыс орталығана жолаушыларды 700 теңгеге жеткізіп жүрген такси көліктерінің аяқ астынан жолақысын қымбаттатып жібергенінен жергілікті билік өкілдері хабарсыз. Анықтағанымыздай, такси тұрақтарының иелерінің аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне және Қандыағаш қаласы әкімдігіне жолақасын өсіретіндігі жайында хабарламағандықтары белгілі болды. Ал қаладағы жеке кәсіпкерлер А. Шонанова және Алимбаеваның меншігіндегі такси тұрағындағылар жолақасының қымбаттауын жаппай қымбатшылықтың орын алуымен байланыстырады.

-Жолақасын өткен жылы өсіргіміз келген. Өйткені, қазіргі таңда бәрі қымбаттап жатыр. Сондықтан бізде мәжбүрміз, — дейді жеке кәсіпкер А. Шонанованың меншігіндегі такси тұрағының диспетчері Ерлан Қуатбаев.

Қандыағаш қаласында жаңа жыл жолақысының қымбаттауымен басталды. Мәселен, өткен жылдың аяғында қалаішілік маршрут көліктерінің жол жүру ақысы да биылғы жылдан бастап 60 теңге болатындығы хабарланған болатын. Нарықтың ырқына қарай ыңғайланған қымбатшылықтың қалтаны қашанға дейін қаритыны белгісіз.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТТЫҚ СУСЫН: ДЕРТКЕ ШИПА, ЖАНҒА АРАША

admin_mugalzhar

Елімізде биатлоннан жасөспірімдер арасында қысқы Азия чемпионаты өтеді

admin_mugalzhar

ПАРА ЖҮЗУДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.