«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Аппарат басшысы әкім болды

Бүгін Қандыағаш қаласы әкімі қызметіне Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының басшысы Талғат Өтемұратов аудандық мәслихат депутаттарының сайлауымен тағайындалды.

Бұған дейін Қандыағаш қаласының әкімі қызметін атқарған Нұрбол Ержанов Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Осыған байланысты лауазымды қызмет орнына сайлау өткізіліп, оған төрт үміткер қатысты. Ал бүгін аудандық мәслихаттың депутаттары сол төрт үміткердің біріне таңдау жасап, сайлауға қатысқан 10 депутаттың 8-і Талғат Өтемұратовқа дауыс берді.

Қандыағаш қаласының жаңа басшысын аудан әкімі Ербол Данағұлов ресми түрде қызмет орнына отырғызды.

-Елдің азаматы, осы жерде ұзақ уақыттан бері қызмет атқарып келеді. Сондықтан депутаттардың таңдауы дұрыс болды деп ойлаймын. Қандыағаш қаласы облыстағы Ақтөбе қаласынан кейінгі екінші үлкен қала. Жергілікті және жан-жақтан көшіп келген 35 мыңға жуық халқы бар. Соңғы екі жылдың ішінде бұл қалада ауқымды істер тыңдырылды. Әлі де атқарылатын жұмыстар баршылық. Жалпы алдымызда Қандыағаш қаласын адам танымастай етіп өзгерту межесі тұр. Оған ауданның мүмкіндігі жетеді. Сол себепті, жұмысыңа сәттілік тілеймін, — деді аудан басшысы.

Айта кетейік, Талғат Орналыұлы аудан әкімі аппаратының басшысы қызметіне дейін ауданның кәсіпкерлік саласын басқарып, Ақкемер ауылдық округінің әкімі де болды.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

Білім гранттары бойынша ауыл квотасы 5 пайызға артады – Вице-министр

admin_mugalzhar

Ақтөбеде банкир әріптестерін алдап, бірнеше миллион теңге алған

admin_mugalzhar

БІРЛІК АУЫЛЫНА ӨТКЕЛ ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.