«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Сенаторлармен кездесті

Қабылдау
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері — сенаторлар Бауыржан Қаниев пен Амангелді Нұғманов облыс әкімі Асхат Шахаровтың қабылдауында болды.

Сондай-ақ қабылдауға облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, «Amanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңірлік коалиция жетекшісі Ербол Данағұлов қатысты.

Жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен қатар, республикалық референдумның мән-маңызы жайлы сөз қозғалды.

Өз кезегінде сенаторлар өңірге келгендегі негізгі мақсаты — жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру, бұл бастама — жай ғана өзгерістер емес, халық пен мемлекет арасындағы байланысты жаңғыртудың жаңақ адамы екенін айтып, бұл бағыттағы жұмыстарға атсалысатынын жеткізді.

Сенаторлар ұсынылған өзгерістер азаматтардың құқығы мен бостандықтарын кеңейтуге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға және өңірлердің тұрақты дамуына бағытталғанын алға тартты.

Өз тілшіміз.

Ұқсас ақпараттар

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Дильназ Даулетова: Еліме пайдам тисе деймін

admin_mugalzhar

2024 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?

admin_mugalzhar