«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАСКЕТБОЛ: ЖЕҢІС ЖОЛЫНДАҒЫ ЖІГЕРЛІ КОМАНДА

МЕКТЕП ІШІ. САБАҚ АЯҚТАЛЫП, ҚОҢЫРАУДЫҢ ҮНІ ТЫНҒАН ШАҚ. МЕКТЕП ДӘЛІЗІНДЕГІ ОСЫ ТЫНЫШТЫҚТЫ СПОРТ ЗАЛЫНА ҚАРАЙ БЕТТЕГЕН ОҚУШЫЛАРЫ БҰЗДЫ. ҚОЛДАРЫНА ҚЫЗҒЫЛТ САРЫ ДОП ҰСТАҒАН, КӨЗДЕРІНДЕ МАҚСАТ ПЕН СЕНІМ БАР ЖАСӨСПІРІМДЕР БІРІНЕН СОҢ БІРІ ЗАЛҒА ЕНІП ЖАТЫР. БҰЛ – ЖАЙ ҒАНА МЕКТЕП КОМАНДАСЫ ЕМЕС, ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ НАМЫСЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАЛАРДА ҚОРҒАП ЖҮРГЕН №5 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТІҢ БАСКЕТБОЛ КОМАНДАСЫ. КӨПШІЛІК ҮШІН БАСКЕТБОЛ – ОЙЫН ҒАНА. АЛ БҰЛ СПОРТШЫ ЖАСТАР ҮШІН ОЛ — МІНЕЗ, ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ТУҒАН ЖЕР АЛДЫНДАҒЫ ПАРЫЗ.

КОМАНДАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ

№5 мектептің баскетбол командасы 2022 жылы осы білім ордасының оқушылары арасынан арнайы іріктеу кезеңінен өткізіліп, жасақталған. Бүгінде команда құрамында 13–16 жас аралығындағы 40-тан астам оқушы бар. Оның 30-ы ер бала, 13-і қыз бала. Қысқа уақыт ішінде бұл ұжым аудан, облыс көлемінде ғана
емес, республика мен халықаралық деңгейде де танылып үлгерді.
Жаттықтырушы Айдын Жәнібектің айтуынша, алғашқы кезеңде ең басты мақсат — балалардың бойына сенім ұялату болған.


— Ең басында балаларға еңбек болса ғана нәтиже болатынын айттым. Біз бірден жеңіске жетеміз деп ойлаған жоқпыз, бірақ жүйелі жұмыс өз жемісін беретінін білдік, — дейді ол.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР

Команданың ең үлкен жетістігі – 2024 жылы Семей қаласында өткен Ұлттық мектеп лигасындағы тарихи жеңіс. 5–6 сыныптар арасында алғаш рет қатысқан қандыағаштық жасөспірімдер чемпион атанып, Мұғалжар ауданы мен Ақтөбе облысы үшін баскетболдан тұңғыш әрі жалғыз жеңісті сыйлады. Сол жылы Шымкент қаласында өткен гимназиялар арасындағы республикалық спартакиадада команда ІІ орын иеленді. Бұл нәтиже ұжымның тұрақты деңгейге көтерілгенін көрсетті.
Халықаралық жарыстарда да жетістіктер аз емес. 2024 жылы Атырау қаласында өткен халықаралық турнирде 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасында команда жүлделі ІІІ орынды, ал 2011–2012 жылғы жас ерекшелігі бойынша І орынды жеңіп алды. Бұл додаға Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Украина, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Қазақстанның әр өңірінен келген командалар қатысқан.
— Жанымызда Армения, Әзірбайжан, Грузия құрамалары тұрады. Не айтып жатқанын түсінбейсің, бірақ сол сәтте-ақ халықаралық деңгей екенін сезесің. Ал тақтада “Қандыағаш қаласы, №5 мектеп” деп шыққанда, жауапкершілік екі есе артады, — дейді бапкер.

ТӘРТІП, ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІРЛІК

Командадағы жетістіктің басты негізі – тәртіп пен бірлік. Айдын бапкер балаларға үнемі ел тарихынан мысал келтіріп, ұлттық құндылықтарды алға тартады.
— Қазақтың үш жүзі біріккенде, Кенесарыхан тұсында елді ешкім жеңе алмаған. Бірлік бар жерде – жеңіс бар. Осыны балалардың санасына сіңіремін, – дейді бапкер.
Қиын сәттерде спортшылар жалғыз қалмайды. Әр мәселе ашық әңгіме арқылы шешіледі.
— Ұтылып жүрген бала спорттан тез кетіп қалады. Сондықтан біз баланы міндетті түрде мақтаймыз және қолдаймыз. Түрлі мотивациялық тәсілдер қолданамыз. Жеңілістің де сабақ екенін барынша түсін-
діреміз. Бастысы – баланың өзіне деген сенімін жоғалтпау, —
дейді жаттықтырушы.


Командада оқу үлгерімі қатаң бақылауда. Жаттықтырушы балалардың сабақ үлгерімін үнемі тек-
серіп отырады. Себебі дайындықтар ұзақ уақыт алуы мүмкін. Ал ол сабақ үлгеріміне әсер етпеуі қажет. Мәселен алғашқы жарысқа дайындық алты айға созылған. Қазір жаттығулар аптасына 3–5 рет өткізіледі, жарыс алдында қарқын одан әрі күшейеді. Сол себепті сабақ пен жарысқа дайындықты қатар алып жүру керектігін балалар жақсы біледі.
— Біз үшін жарақаттың алдын алу да басты назарда. Ойын алдында міндетті түрде 15 минуттай қыздыру, созылу жаттығуларын жасаймыз. Көбіне тізе мен тобық жарақат алады. Сондықтан бәрі уақытпен, жүйемен орындалады, – дейді бапкер.

КӨШБАСШЫЛЫҚ – ТАЛАП ҚОЮДАН ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ

Бұл команданың табысы кез дейсоқ емес. Оның артында жүйелі еңбек пен бапкердің тынбай балаларды үйретуі жатыр. Бапкер Айдын үшін жеңіс — тек есеп тақтасында көрінетін нәтиже емес, ең алдымен адам тәрбиелеу. Жаттығу барысында ол әр
спортшыдан тәртіп пен жауапкершілік талап етеді. Бірақ бұл қатаңдық қорқыту арқылы емес, сенім мен үлгі көрсету арқылы қалыптасқан. Команда мүшелері бапкерді жай жаттықтырушы ретінде емес, бағыт-бағдар беретін аға ретінде қабылдайды.
— Бапкер болу — дауысты көтеру емес. Ол ең қиын сәтте бірінші болып жауапкершілікті өз мойныңа алу. Балалар соны көруі керек, — дейді бапкер Айдын.
Оның бастамасымен командада ішкі тәртіп, өзара қолдау мәдениеті қалыптасты. Үлкені кішісіне қамқор, тәжірибелі ойыншы жаңадан келген спортшыға жол көрсетеді. Сондай-ақ команданың табысы бір ғана бапкердің еңбегімен шектелмейді. Алаңда әр ойынның тағдырын шешетін, өзгелерге бағыт беретін нағыз көшбасшы оқушылар бар. Олар есептен бұрын рухты, жеңістен бұрын
сенімді алып жүреді.
— Команданың капитандары
мен тәжірибелі ойыншылары қи-
ын сәттерде жауапкершілікті
өз мойнына алады. Ойын бары-
сындағы тактикалық өзгеріс-
терді бірден қабылдап, жас ой-
ыншыларға бағыт-бағдар беріп
отырады. Әсіресе, шешуші ми-
нуттарда допты өз қолына ал-
ып, тәуекелге барудан тайын-
байтын ойыншылар бар, — деген
жаттықтырушы олардың бірінің
алаңда ойынды жүргізсе, енді
бірінің қосалқы құрамда отырып-
ақ команданы рухтандыратынын
мақтанышпен айтып өтті. Айтуын-
ша, кейбір ойыншылар жарыс-
тарда көрген тактикаларын айтып,
жаттықтырушыға көмектесіп те
отырады екен.
— Кейде мен үндемей қаламын.
Сол кезде алаңдағы көшбасшы-
лар өздері-ақ ойынды реттеп
алады. Бұл — нағыз команда қа-
лыптасқанының белгісі. Бұл ба-
лалардың өскенін көрсетеді.
Олар тек орындаушы емес, ойлай алатын спортшыға айналып келеді, — дейді Айдын.
Команда көшбасшылары тек жақсы ойнаумен шектелмейді.
Олар сабақ үлгерімімен, тәрті-
бімен, үлкенге құрмет, кішіге қам-
қор болуымен де өзгелерге үлгі.
Жарыс кезінде қарсыласқа құр-
мет көрсету, төреші шешіміне са-
бырмен қарау осы көшбасшы-
лардың мінезінен көрінеді.
Мысалы, бір жарыста шешуші
сәтте әділетсіз деп бағалаған
шешім шыққан кезде команда
ішіндегі көшбасшы ойыншы эмо-
цияға берілмей, өзгелерді сабыр-
ға шақырып, ойын тәртібін сақ-
тауға үндеген. Соның нәтижесін-
де команда ойынды жалғастырып,
жүлделі орынға ие болған.
16 ЖАСТАҒЫ ТӨРЕШІ –
ИГНАТ
Ұжым тек ойыншы ғана емес,
болашақ төрешілерді де тәрбие-
леп отыр. Соның айқын дәлелі –
небәрі 16 жастағы Игнат Бадыла.
Ол бүгінде балалар мен жасөспі-
рімдер лигасында екінші санатты
төреші ретінде балалар мен жас-
өспірімдер баскетбол лигасында
5 мәрте төрелік етіп үлгерген. Ал-
дағы екі жылда келісімшартқа
отырып, кәсіби төреші болуға
мүмкіндік алады. Бұл – спортта
жүріп
,
төрешілік
арқылы
да
табыс
табуға
болатынын
көрсететін
жа

рқын
мысал
.
Қазірдің
өзінде
ол
әр
төрелігі
үшін
еңбекақы
алып
,
ата

анасына
қолғанат
болып
жүр
.
Ол
дегеніміз
спорттағы
тағы
бір
үлкен
бағыттың
ашылғанын
көрсетеді
.
ШӘКІРТТЕРІ

ЕҢ
ҮЛКЕН
ЖЕТІСТІК
Бүгінде
бұл командадан
шық-
қан
көптеген
жасөспірімдер
рес

публикалық
деңгейде
танылып
,
кәсіби
спортқа
қадам
басып
отыр
.
Қазіргі
таңда
команданың
үш
шәкірті
спорт
интернатында
білім
алуда
,
олардың
бірі –
Бәйіш
Ба

қытжан, Қазақстанның жастар
құрамасының ойыншысы. Соны-
мен қатар команда құрамында
Қазақстан Республикасының
спорт шеберлігіне үміткер сегіз
оқушы бар. Олардың басым бөлігі
облыстық және республикалық
турнирлердің жеңімпаздары мен
жүлдегерлері. Бапкердің айтуын-
ша, әр шәкірт – жеке тағдыр, жеке
жауапкершілік.
— Мен үшін әр баланың жолы
маңызды. Бірі кәсіби спортқа ке-
теді, бірі төреші болады, бірі
спорт арқылы мінезін қалыпта-
стырады. Бастысы – спорт
оларды адам ретінде өсіреді, —
дейді ол.
Командадан түлеп ұшқан
шәкірттердің арасында бүгінде
жоғары лигада ойнап жүрген
кәсіби спортшылар да бар. Атап
айтқанда, 2022 жылғы мектеп
түлегі Нұрсұлтан Жаппар қазіргі
таңда кәсіби клубпен келісімшар-
тқа отырып, ел біріншілігінде
өнер көрсетіп жүр. Сондай-ақ
Бәйіш Бақытжан кәсіби деңгейде
ойнап, жоғары лигадағы команда-
лар сапында ел намысын қорға-
уда. Екі шәкірттің де алаңда қар-
сылас командада кездесіп қалуы
– бапкер үшін үлкен мақтаныш.
Шәкірттердің жетістігі –
күнделікті еңбектің, сенімнің және
бірліктің жемісі. Олар қай қала-
да, қай лигада ойнаса да, туған
жерін ұмытпайды. Формасын-
дағы «Қандыағаш» деген жазу –
соның дәлелі. Бапкер Айқын да
үнемі: «Қайда жүрсеңдер де, ту-
ған қалаларыңды ұмытпаңдар.
Сендерді осы жер өсірді», — деп
айтып отырады екен.
АТА-АНА –
КОМАНДАНЫҢ
КӨРІНБЕЙТІН ТІРЕГІ
Бұл баскетбол командасының
артында тек жаттығу мен жарыс
қана емес, үлкен сенім мен жана-
шырлық тұр. Ол – ата-аналардың
қолдауы. Команданың қалыпта-
суынан бастап бүгінгі жетістікте-
ріне дейін ата-аналар бір сәт те
шет қалған емес. Ең алғашқы
күннен-ақ ата-аналар бапкерге
толық сенім артып, балаларын
спортқа баулуды бірге қолға
алды.
«Еті сенікі, сүйегі біздікі» деп,
балаларының тағдырын сеніп
тапсырған ата-аналар үшін бас-
тысы – жеңіс емес, баланың тәр-
тіпті, жауапкершілігі мол жан бо-
лып өсуі.
Жарыстарға барғанда да ата-
аналар қасында. Жол шығыны,
қажетті құрал-жабдық, балалар-
дың киімі мен керек-жарағына
дейін назардан тыс қалмайды.
Жеңіспен оралған сәттерде мек-
тепке баннер ілдіріп, балалардың
жетістігін көпшілікке үлгі етіп
көрсетуі соның айғағы.
— Ата-ананың сенімі болмаса,
бұл деңгейге жету қиын. Олар
маған да, балаларға да әрдай-
ым тірек болды. Қандай қиын
сәт болса да, бірге көтердік, —
дейді ол.
ДЕМЕУШІЛЕРДІҢ
ДЕМЕУІ –
ЖЕҢІСКЕ БАСТАР ЖОЛ
Кез келген спорттық жетістіктің артында материалдық қолдау да
тұратыны белгілі. Қандыағаш
қаласындағы №5 мектептің бас-
кетбол командасы да бұл тұрғы-
да жанашыр жандардың көмегін
көріп келеді.
— Команданың негізгі демеуші-
лерінің бірі – Сұлтан Асанов,
«Ақтөбе металл зауытының»
Бас директоры, осы мектептің
2005 жылғы түлегі. Ол коман-
даға екі комплектіден тұратын
24 дана ойын формасын сыйға
тартқан. Жалпы құны жарты
миллион теңгеге жуық бұл де-
меушілік – жас спортшылар үшін
үлкен қолдау ғана емес, рухани
серпіліс болды. Сонымен қатар
жарыс сапарларында да үнемі
көмектесіп келеді. Тағы бір ай-
тарым, команданы әрдайым
қолдап, қолдан келген көмегін
аямай жүрген азаматтардың
бірі – Эрнст Исмағанбетов. Сон-
дай-ақ аудан көлемінде баскет-
бол спортының дамуына зор
үлес қосып жүрген азаматтар
қатарында аудандық спорт
әдіскері Талғар Әдбірзақ және
Қандыағаш қаласының бала-
лар-жасөспірімдер спорт мек-
тебінің директоры Нұрсұлтан
Иманғазин бар. Олар жарыстар-
ды ұйымдастыруға, қаржылай
қолдау бөлуге, команданың
түрлі деңгейдегі бәсекелерге
қатысуына нақты көмек көрсе-
тіп келеді, — дейді Айдын Батыр-
ханұлы.
Бапкер дегенмен командаға әлі
де спорттық жабдықтардың қажет
екенін жасрымады. Айтуынша, ең
алдымен
, баскетбол
доптары
мен
қол
жаттығуларына
арналған
гірлер
жетіспейді
.
Әр
баланың
жас
ерекшелігіне
сай
құрал
бо

луы

басты
қажеттілік
.
Қандыағаш
қаласында
арнайы
баскетбол
алаңының
жоқтығы
да
көптен
бері
шешімін
таппай
келе
жатқан
мәселе
.
Осыған
байланы

сты

5
жалпы
білім
беретін
орта
мектептің
баскетбол
командасы

ның
ойыншылары
,
жаттықтыру

шысы
,
ата

аналар
аудан
әкіміне
арнайы
барып
,
мәселені
ресми
түрде
көтерген
.
Кездесу
бары

сында
жас
спортшылардың
рес

публикалық
және
халықаралық
жарыстардағы
жетістіктері
,
ко

манданың
әлеуеті
,
сондай
-ақ
ба

лалардың
қауіпсіз
әрі жүйелі
түрде жаттығуы үшін заманауи
баскетбол алаңының ауадай қа-
жет екені ашық айтылды. Алаң-
ның жоқтығы жаттығу процесін қи-
ындатып қана қоймай, жасөспірі-
мдердің кәсіби деңгейде өсуіне
кедергі келтіріп отырғаны да на-
зарға ұсынылды.
— Біз бұл мәселені іште сақтап
қалған жоқпыз. Аудан әкіміне ар-
найы кіріп, ата-аналармен бірге
балалардың жетістіктерін, жос-
парымызды толық жеткіздік.
Футбол алаңдары бар, бірақ
футбол ойнап жатқан жерде
баскетбол ойнау мүмкін емес.
Бізге тек баскетболға арнал-
ған жеке алаң керек. Бұл – бала-
лардың қауіпсіздігі мен спорт-
тың дамуы үшін өте маңызды.
Қолдау болса, Қандыағаштан
әлі талай чемпион шығатыны-
на сенімдіміз, — дейді ол.
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
— Әр спортшы өз елін, туған
жерін мақтан тұтуы керек. Қай
қалада жүрсе де, Қандыағашты
ұмытпасын деп үнемі айтып
отырамын. Бүгінде Қандыағаш
командасын батыс аймақ түгел
таниды, – дейді Айдын.
Кешкісін спорт залда бастала-
тын жаттығу бұл жай ғана доп
қуалау емес. Бұл – болашақ чем-
пиондардың, төрешілердің, ел
мақтанышы болатын азаматтар-
дың қалыптасу жолы. Қандыа-
ғаштың жас баскетболшылары
бүгінде өз қаласының атын ас-
қақтатып жүр. Ал ертең олардың
жетістігі одан да биік белестерге жетері сөзсіз.

ӘЛІ ТАЛАЙ БИІКТІ
БАҒЫНДЫРАМЫН

Бекжан ЕШНИЯЗ, баскетболшы

Мен баскетбол үйірмесі-
не 2022 жылдан бастап
қатысып келемін. Қазіргі
таңда баскетболдан спорт
шеберіне үміткермін.
Қазақстан Республикасы
бойынша 2011–2012 жылы
туған жасөспірімдер ара-
сында үш дүркін чемпион
атандым, сондай-ақ халықа-
ралық турнирдің жеңімпа-
зымын.
Алғашында баскетбол
үйірмесінің бар екенін
білмедім. Футбол ойнап
жүрген кезде бапкерім
Жәнібек Батырханұлы менің
допқа икемімді байқап,
баскетбол үйірмесіне
шақырды. Сол сәттен
бастап бұл спорт түріне
деген қызығушылығым
арта түсті.
Қазіргі уақытта жатты-
ғуымыз аптасына 5 рет
өтеді. Алдағы уақытта да
тынымсыз еңбектеніп,
өзімді дамыта отырып, әлі
талай биікті бағындырмын деп сенемін.


Әйгерім ДАРХАНҚЫЗЫ.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа білім беру және денсаулық сақтау объектілері салынады

admin_mugalzhar

Кымбат Кожина: «Спасибо за возможность реализовать себя»

admin_mugalzhar

Цифрландыру – уақыт талабы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.