«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОРМАНШЫЛАРҒА АРНАЙЫ КӨЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

ОБЛЫС АУМАҒЫНДАҒЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНА ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ. АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАРҒА ИЕ БОЛҒАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ОРМАНШЫЛАР ДА БАР.

Облыс әкімі Асхат Шахаров бұл оқиғаны табиғатқа жанашырлық пен қоршаған ортаның тазалығына деген қамқорлықты білдіретінін атап өтті. Сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлері мен салалық мекемелердің еңбегі қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Өңір басшысы орман шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайтудың қажеттілігіне де тоқталды. Оның сөзінше, табиғи байлықтарды сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу – өңірдің әрбір тұрғынына ортақ. Орманшыларға тракторлар, шағын орман патрульдік өрт сөндіру кешендері, жүк-жолаушылар автокөліктері, фронталды тиегіштер, шынжыртабан экскаватор, ауыр техниканы тасымалдайтын тіркемелер берілді. Бұл техникалар орман қорын қорғауға арналған және қолжетімсіз аумақтарда жұмыс істеу мен төтенше жағдайларды жою барысында салалық қызметтердің мүмкіндігін едәуір арттырады. Аталған техникалар Мұғалжар аудандық орман шаруашылығына және өңірдің гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мекемесіне де табысталды. Атап айтатын болсақ, мұғалжарлық орманшыларға екі трактор, екі шағын орман патрульдік өрт сөндіру кешені, бір жүк-жолаушылар автокөлігі берілді.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Алдағы күндері 32 градус аяз болады

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

admin_mugalzhar

ЕРЕН ЕҢБЕКТІҢ ИЕГЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.