«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына ұлттық құраманы сапалы дайындауға арналған жұмыс кеңесін өткізді.

Жиында ұлттық команданың құрамын қалыптастыру, спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және басым спорт түрлеріндегі дайындықты тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Биылғы Азия ойындары бағдарламасына 43 спорт түрі енген. Спортшылар 438 медаль жиынтығы сарапқа салады. Алдын ала болжам бойынша, Қазақстан құрамасынан Азиадаға 30-дан астам спорт түрінен 500-ге жуық спортшы қатысады.

Министрлік ұлттық спорт федерацияларымен бірлесе отырып дайындық жоспарын жасады. Онда оқу-жаттығу жиындарын өткізу, халықаралық жарыстарға қатысу, сондай-ақ спортшыларға медициналық, ғылыми және әдістемелік қолдау көрсету қарастырылған.

Дайындық барысында арнайы штаб құрылып, ең көп медаль алу мүмкіндігі бар басым спорт түрлері анықталды.

Ұлттық құраманы жасақтауда спортшыларды ашық және әділ іріктеуге баса назар аударылды. Іріктеу халықаралық жарыстардағы, соның ішінде әлемдік және Азия чемпионаттарындағы, сондай-ақ іріктеу турнирлеріндегі нәтижелерге негізделеді.

Ұқсас ақпараттар

ҚЫЗ ҮШІН ӘКЕНІҢ ОРНЫ ТЫМ БӨЛЕК

admin_mugalzhar

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

Сенатор Жаңа жылдың орнына Наурызды тойлауды ұсынды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.