«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді.

Аталған медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, ел тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың конституциялық құқығын және еркіндігін қорғауға, конституционализм идеяларын, сондай-ақ қағидаттарын қалыптастыруға әрі дамытуға ерекше үлес қосқан тұлғалар наградталады.

Сонымен қатар мерейтойлық медаль жұмысшы мамандарға, бюджет саласы мен өндіріс ұйымдарының өкілдеріне және басқа да азаматтарға беріледі.

Бұл медальға ие болу азаматтардың адал еңбегі мен Отан, мемлекет және қоғам алдындағы ерекше қызметін танудың маңызын көрсетеді.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас ақпараттар

Тазалық — ортақ талап

admin_mugalzhar

НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

ЖЕҢІМПАЗ ГҮЛНҰР АВТОКӨЛІК ҰТЫП АЛДЫ

admin_mugalzhar