«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Олжас Бектенов Конституция қағидаттарын мектептер мен колледждер және университеттердің үлгілік оқу бағдарламасына енгізуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Конституцияны түсіндіру жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспары аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет еліміздің Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Қазіргі таңда сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Конституцияның барлық новеллалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

«Мәдениет және ақпарат министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, осы бағытта жоспарлы жұмысты одан әрі жалғастыруы қажет. Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері халықтың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру жөніндегі кешенді бағдарламаны уақтылы әзірлеп, Конституцияның тың қағидаттарын мектептер мен колледждердің және университеттердің үлгілік оқу бағдарламаларына енгізуді қамтамасыз етуге тиіс», — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сондай-ақ заңнаманы талдау жүргізіп, бағдарламалық құжаттарды өзектендіру жұмыстарын аяқтау тапсырылды.

«Жаңа Конституция нормаларын ескере отырып, белгіленген мерзімдерде қолданыстағы заңнамаға кешенді талдау жүргізіп, барлық заңдар мен бағдарламалық құжаттарды өзектендіру жұмыстарын аяқтау қажет. Барлық орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарға Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

@KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

Жастар арасындағы ӘЧ: қазақстандық боксшылар 17 медаль алды

admin_mugalzhar

Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды

admin_mugalzhar

ШАҢЫРАҚ — ОТБАСЫ БЕРЕКЕСІНІҢ БЕЛГІСІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.