Мұғалжар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне Нұрберген Берікұлы Хайруллин тағайындалды.
Мұғалжар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне Нұрберген Берікұлы Хайруллин тағайындалды.
Ол 1993 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген. Білімім жоғары. 2015 жылы С.Бәйішев атындағы университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2015 жылы Ембі қалалық мәдени орталығы вокал жетекшісі қызметінен бастаған. Әр жылдары Мұғалжар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде, Ембі қалалық әкімдігі аппаратында жұмысшы, Мұғалжар ауданы әкімі аппаратында техникалық қызметкер, Мұғалжар аудандық жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығында маман қызметтерін атқарған.
2020 жылдан бастап осы күнге дейін Ембі қаласы әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келді.

