«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент Конституцияны әзірлеуге үлес қосқан ғалымдарға ризашылығын білдірді

Президент Ата заңымыздың преамбуласында алғаш рет мәдениет, білім беру, ғылым және инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде белгіленгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Конституцияны әзірлеуге және қабылдауға айтарлықтай үлес қосқан барша ғылыми-академиялық қауымдастыққа ризашылығын білдірді.

«Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда 15 наурыз күні тарихи мәні зор референдум өтті. Азаматтардың басым бөлігінің қолдауымен мемлекетіміздің іргесін нығайтатын, елді барлық салада, соның ішінде ғылымда орнықты даму траекториясына шығаратын жаңа Конституция қабылданды. Өтпелі ережелерге сай, жаңа Ата заң 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Сол уақытқа дейін негізгі заңдардың барлығы Конституция нормаларына сәйкестендірілуге тиіс. Бұл бағытта Парламент ауқымды заң шығару жұмысына кірісті. Депутаттар заң жобаларын мұқият әрі жедел қарастырады деп сенемін», деді Президент.

Ұқсас ақпараттар

Еліміздің өз бағыты, өз жолы бар

admin_mugalzhar

Жаңбыр мен найзағай: Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

admin_mugalzhar

Еліміздің спортшылары мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.