«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында діни сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесулер өткізілді

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.

Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 700-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Шоманов Болат Шаймолданұлы – Гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы, Сапар Айсұлтан Нұрлыбекұлы — Ақтөбе қ. «Ихсан» орталығының теолог маманы, Сүлейменов Жандаулет Отарбайұлы — «Sapsan» стратегиялық орталығының директоры, теолог, Бисембаева Роза Бакытовна — Ақтөбе қ. «Ихсан» орталығының теолог маманы секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «ҚР аумағында тыйым салынған діни ағымдар», «Зайырлылық принципі және дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні», «Жастар арасындағы рухани құндылықтар және діни сауаттылық», «Рухани келісім – қоғамның басты құндылығы», «Зайырлы қоғам және мемлекет дамуының зайырлылық принциптері», «Жастарды интернет желісіндегі күмәнді діни ақпараттардың қауіпінен сақтау» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесулер барысында қатысушылар тарапынан «Жат діни ағымдардың белгілері қандай?», «Деструктивті діни ағымдар мен дәстүрлі діни бағытты қалай ажыратамыз?», «Интернет желісінде тыйым салынған қандай парақшалар бар?», «Тыңдауға болатын уағызшылар мен болмайтын уағызшыларды қайдан білуге болады?».

Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жергілікті тұрғындар, әскери қызметкерлер, мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметшілер, студент жастар, мұнайшылар және т.б. тұрғындар қамтылды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

admin_mugalzhar

Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты — ел бірлігін нығайту

admin_mugalzhar

СҮЙЕК ДОМБЫРА — МУЗЕЙДІҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.