«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАНУАРЛАРДАН 29 АДАМ ЗАРДАП ШЕККЕН

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ АУДАН БОЙЫНША ЖАНУАРЛАРДАН ЗАРДАП ШЕККЕН 29 АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ЖҮГІНГЕН. АУДАННЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ МАМАНДАРЫ БҰЛ КӨРСЕТКІШ ӨТКЕН ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 6 ЖАҒДАЙҒА ТӨМЕНДЕГЕНІН МӘЛІМДЕДІ.

Зардап шеккендердің басым бөлігі қала тұрғындары екен. Атап айтатын болсақ, Қандыағаш қаласында 11 адам, Ембі қаласында 13 адам, ал ауылдық жерлерде 5 жағдай тіркелген. Оның 19-ы ер адам болса, 10-ы әйел адам.

Зардап шегушілердің арасында көпшілігі – 6–14 жас аралығындағы балалар. Олардың саны – 12. Бұл балалардың жануарлармен қауіпсіз қарым-қатынас жасау дағдыларының әлі толық қалыптаспағанын көрсетеді. Жарақат алғандардың ішінде иттерден зардап шеккендердің қатары көп. Айталық, 20 адамды ит қапса, 7 адамды мысық тырнаған. Ал бір адамға жылқы, тағы бір адамға егеуқұйрық зиянын тигізген. Сондай-ақ тіркелген 4 жағдай иесі жоқ, қаңғыбас жануарларға қатысты, – деді Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов.

Оның сөзінше, барлық зардап шеккендерге құтырмаға қарсы екпе тағайындалған. Екпеден бас тарту дерегі тіркелмеген. Оның ішінде 9 адамға қосымша антирабиялық иммуноглобулин енгізілген.

Құтырма – адам өміріне аса қауіпті жұқпалы ауру. Ол көбінесе жануардың сілекейі арқылы жұғады және дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе, ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан тұрғындарға үй жануарларын уақтылы вакцинациялау, қаңғыбас жануарлардан аулақ болу және балаларға жануарлармен дұрыс қарымқатынас жасауды үйретуді ұсынамыз. Егер жануар тістеп немесе тырнап алған жағдайда, жараны дереу сабынды сумен жуып, медициналық мекемеге жедел қаралу қажет, – деді ол.

 

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде заңсыз иеленген активтер есебінен салынып жатқан балабақша құрылысы қарқынды

admin_mugalzhar

Асхат Аймағамбетов: жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді сақтап, заман талабына сай нормаларды бекітеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.