«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде «Жұбанов көктемі» музыкалық апталығы қорытындыланды

Көрнекті қазақ композиторы, дирижер және ғалым Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Жұбанов көктемі» музыкалық апталығының гала-концерті ауқымды мәдени жобаның қорытынды іс-шарасы болды. Қорытынды концерт Өнер орталығында өтіп, бір апта бойы өңірде ұйымдастырылған іс-шаралардың нәтижесін түйіндеді.

Мерекелік кешті ашқан облыс әкімі Асхат Шахаров Ахмет Жұбанов тұлғасының ұлт мәдениетіндегі айырықша рөлін атап өтті.


«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен өнерді дамыту елдің рухани жаңғыруының негізі екенін үнемі атап өтеді. Бұл ретте ұлттық мәдениеттің көрнекті өкілдерінің мұрасын сақтау ерекше мәнге ие. Ахмет Жұбанов – ХХ ғасырдың аса көрнекті тұлғасы, Қазақстандағы кәсіби музыкалық өнердің негізін қалаушы, ғылым мен шығармашылықты ұштастыра білген ұлы ғалым, композитор әрі дирижер. Оның мұрасы – халқымыздың рухани байлығының алтын қоры, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мәңгілік құндылық. «Жұбанов көктемі» апталығы аясында оның шығармашылығы мен ғылыми мұрасын насихаттауға бағытталған іс-шаралар кең қолдау тапты. Мұндай жобалар жастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, мәдени мұраны сақтауға ықпал етеді»,
– деді өңір басшысы.

Ұқсас ақпараттар

АКЦИЯ: «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН»

admin_mugalzhar

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

admin_mugalzhar

АҚЫЛАЙЫМ «САЗЫМЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕР» АТАЛЫМЫНА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar