СӘУІР АЙЫ — ӘЛЕМ БОЙЫНША АУТИЗМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАН ДЫРУДЫҢ СИМВОЛЫ НА АЙНАЛҒАН УАҚЫТ. ОСЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢ ДЕ МҰҒАЛЖАР АУДА НЫНДАҒЫ ИНКЛЮ ЗИВТІ ОРТАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ДЕҢГЕЙІ КӨПКЕ ҮЛГІ БОЛАР ЛЫҚТАЙ ОҢ НӘТИЖЕ КӨРСЕТІП ОТЫР МА? МҰНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ, КӘСІБИ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІ ЖӘНЕ АТА АНАЛАРДЫҢ СЕНІМІ ТОҒЫСЫП, ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР ҮШІН КЕ ДЕРГІСІЗ БОЛАШАҚ ҚАЛАНУДА МА? ЕНДЕ ШЕ, АУДАНДАҒЫ ИНКЛЮЗИЯНЫҢ БҮГІНГІ ХАЛІ ТУРАЛЫ ТӨМЕНДЕ ТАРҚАТАМЫЗ.
МАҚСАТ — БАЛАНЫҢ МҮМКІНДІГІН АШУ
Кез келген игі істің бастауы нақты жоспар мен кәсіби талдау. Ерекше баланың қоғамға бейім делу жолындағы алғашқы әрі ең маңызды қадамы оның мүмкінді гін дұрыс бағалаудан басталады. Бұл ретте Мұғалжар ауданын дағы инклюзияның тамырын ба сып, бала тағдырына бағыт-бағ дар беріп отырған негізгі мекеме- аймақтық психологиялық-педа гогикалық-медициналық консуль тация мекемесі (ПМПК). Орталық тың тыныс-тіршілігі мен аудан дағы соңғы статистикалық мәліметтер туралы мекеме бас шысы Жанар Бүркіталинадан білдік. Оның сөзінше, аймақтық психологиялық-педагогикалық медициналық консультацияның (ПМПК) Қандыағаш қаласында ашылуы — өңірдегі инклюзия са ласына жаңа серпін берген. Ме кеме 2022 жылдың қараша айын да құрылып, 2023 жылдың на урызынан бастап толыққанды жұмысқа кіріскен. Бүгінде бұл ор талық тек Мұғалжарды ғана емес, көршілес Шалқар, Байғанин және Темір аудандарын да қамтып, төрт ауданның балаларына қыз мет көрсетіп отыр.
— ПМПК — бұл баланың психикалық даму ерекшеліктерін баға лап, оның әлеуетін анықтайтын маңызды мекеме. Біздің басты міндетіміз — баланың мүмкіндігі не қарай қандай оқу бағдарла масы сәйкес келетінін шешіп, тиісті бағыт беру. Тексеріс қо рытындысына сәйкес, балалар оңалту орталықтарына, психо логиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне жолданады, мекеме басшысы Жанар Боранғазықызы.

Бүгінгі таңда статистикалық мәліметтер аудандағы жұмыстың ауқымын көрсетеді. Маманның дерегінше, Мұғалжар ауданы бой ынша базада барлығы 555 бала тіркелген. Оның ішінде 222 бала ның психикалық дамуы тежелген. Ал 107 балада сөйлеу тілінің жал пы дамымауы анықталса, 63 ба лаға «аутизм» диагнозы қойыл ған. Жанар Бүркіталина баланың дамуындағы ерекшеліктерді ерте анықтаудың маңызы зор екенін айтты. Осы мақсатта 0-3 жас ара лығындағы бүлдіршіндер емха наларда скринингтен өтеді. Соны мен қатар, ПМПК мамандары жылына бір рет аудандарға шы ғып, жергілікті жерлерде арнайы тексерістер ұйымдастырады.
— Барлық кешенді тексерулер ден өткеннен кейін ғана ресми қорытынды беріледі. Бұл құжат баланың болашақта сапалы білім алып, қоғамға бейімделуі не негіз болады, — деп түйіндеді сөзін мекеме басшысы.
ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ — ҚАРҚЫНДЫ
ПМПК қорытындысынан кейін ерекше бүлдіршіндер үшін ке шенді көмек кезеңі басталады. Бұл бағытта Мұғалжар аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (ППТК) атқа рып жатқан істері аз емес. Меке ме меңгерушісі Перуза Аяпова аутизм спектрінің бұзылысы бар балаларды ерте байқау және олармен жұмыс істеудің маңызы зор екенін айтты.
— Аутизм — бұл ауру емес, бұл адам миының ерекше даму түрі. Сондықтан баланы «өзгерту ге» тырыспай, оны түсінуге, әлеуетін ашуға көмектесуіміз керек. Біздің тәжірибемізде ең бастысы — уақыт жоғалтпау. «Күте тұрайық, өзі сөйлеп ке теді» деген көзқарас баланың дамуына кедергі болуы мүмкін. Сондықтан ата-аналар бала ларына қойылған диагнозды қабылдап, кешенді ем бастауы керек. Сонда ғана баланы түзе ту жұмыстары жүйелі жүргізіле ді, — деді ол.

Маманның айтуынша, бала 1,5–3 жас аралығында мынадай белгілер көрсетсе, міндетті түрде маманға жүгіну қажет. Айталық, атымен шақырғанда қарамаса және көзге тіке қараудан қашса, 1,5–2 жаста тілі шықпаса немесе ым-ишараны қолданбаса, ойын шықтарды тек белгілі бір ретпен тізу немесе дөңгелек заттарды айналдырумен ғана айналысса, қатарластарымен ойнауға қызық паса, дереу дабыл қағу қажет. Түзету кабинетінің меңгерушісі Перуза Аяпова түзету жұмысы тек орталықта ғана емес, үйде де жа лғасуы тиіс екенін алға тартады. Баламен жиі сөйлесу, экран ал дындағы уақытты шектеу және көзге-көз байланысын ойын ар қылы дамыту өте маңызды. Ең бастысы, ата-ана өзін кінәла мауы тиіс. Бұл — ешкімнің қате лігі емес, бұл — баланың ерек шелігі. Егер біз мамандар мен ата-ана болып бірлесе әрекет етсек, балада үлкен прогресс болары анық, — дейді орталық басшысы.
ҮМІТІ АҚТАЛЫП, ЖЕМІСІН КӨРДІ
Инклюзия — бұл тек қағаздағы бағдарлама емес, бұл — әр бала ның бойындағы жасырын талан тты ояту. Мамандардың көмегі мен «сөйлей алмайды» деген ба ланың сахна төрінде ән шырқап, «оқи алмайды» деген оқушының үздіктер қатарына қосылуы — на ғыз жеңіс. Мұндай қуанышты бүгінде мұғалжарлық ата-аналар да сезініп отыр. Екі жыл бойы үздіксіз еңбектің жемісін көріп жүрген Қарлығаш Урумбаеваның әңгімесі көпке үміт сыйлайды. Кейіпкеріміз Қарлығаш Серік қызы екі жылдан бері қызы Жансұлуды осы түзету кабинеті не апарып жүр. Ол мамандардың көмегімен қызының өмірінде бо лған оң өзгерістерді зор қуаныш пен бөлісті.
— Қызым Жансұлу Серғали екі жыл бойы түзету кабинетіндегі дефектолог пен музыка маман дарының көмегіне жүгініп келеді. Малика және Бағдагүл апайла рына алғысым шексіз. Бұрын қиын сөздерге тілі келмей, дик тант жазуда қиналатын еді. Қазір сабақ үлгерімі жақсарып, барлық пәннен «4» пен «5»-ке көтерілді. Үй тапсырмасын өз бетімен орындайды, — дейді ол.
Оның айтуынша, Жансұлу бүгінде тек оқуда ғана емес, өне рде де белсенді. Қобыз тартып, би билеп, тіпті ағылшын тілін де меңгеруде. Сахнаға шығып өлең айтып, кез келген ортаға еркін сіңісіп кететін болған. Бұл жетісті ктердің барлығы — ПМПК бөлімі мен түзету кабинеті ұстаздары ның ерен еңбегінің жемісі. Ауданындағы бұл оң өзгерістер жай ғана статистика емес, бұл әр баланың ертеңіне деген сенім. Аутизм немесе өзге де даму ерек шеліктері — бұл үкім емес, бұл өзге ше көзқарас пен ерекше қолдауды қажет ететін әлем. Жансұлудың сах надағы жетістігі мен анасының көз жасына толы қуанышы — жүйелі жұмыстың ең үлкен жемісі. ПМПК мамандарының сауатты бағыт беруінен бастап, Перуза Қуанышқызы басқаратын түзету кабинетіндегі әрбір сабаққа дейін бәрі де бір мақсатқа жұмылған. Ол баланы қоғамнан шеттетпей, оның қабілетін ашуға бағыттал ған. Алайда, инклюзия тек меке ме қабырғасымен шектелмеуі тиіс. Бұл — әрбір ауыл тұрғынының, көршінің, мұғалімнің ерекше ба лаға деген мейірімі мен түсіністігі нен басталады.
ТҮЙІН
Біздің қоғам «әр бала — құнды» деген қағиданы ұран емес, өмірлік ұстанымға айналдырған да ғана, еліміздегі әрбір бүлдіршін өз биігін бағындыра алады. Ендеше, ерекше бала ның болашағына жол ашу — бәрімізге ортақ игі іс.
Жанель УМАРОВА

