«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДӘРІГЕР РАДИНАҒА АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ

Ең ізгілікті құрметті және сапалы маманның бірі – дәрігер. Егер қарапайым адамбіреудің өмірін сақтап қалса, «батыр» деп аспанға көтереміз. Ал дәрігерлер болса күн сайын қанша адамның өміріне араша болып, ем-домын жасап, ақыл-кеңесін береді! Бірақ біз оны көп жағдайда ескере бермейміз. Дәрігер — жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең ізгісі. Осындай мамандықты меңгерген жанның бірі – көптеген жылдар бойы ауданның денсаулық сақтау саласында елеулі еңбек сіңірген, «Шапағат» ауруханасының белді дәрігерлерінің бірі – Радина Есетова. Ол өзінің берген антына адал, ақ халатына ешқашан кір түсірмеген жан. Медицинаны, оның ішінде хирургияны жетік меңгерген Радина Сарқұлқызының оташы болып қызмет атқарып жүргеніне елу жылға жуықтады.

Бүгінде зейнетке шықса да сүйікті ісінен қол үзбей, қызметін жалғастырып келеді. Жақында ғана денсаулығым сыр беріп, «Шапағат» ауруханасына барып, ем қабылдаған едім. Мені жылы шыраймен қабылдаған дәрігер Радина Есетова қажетті барлық ем-домды жасап, аяқтан тұрып, сауығып кету үшін бар күш-жігерін салды. Осы орайда замандасым, білікті дәрігер, мейірімді жан Радина Сарқұлқызына зор алғысымды білдіремін.

Жүрегін жылулықпен толтырған, екі қолына адам емдейтін қасиет дарыған ақ халатты абзал жанға рақметімді айтамын.

Смағұл ҚҰДАБАЕВ, зейнеткер, Қандыағаш қаласы

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық жас химиктер Менделеев олимпиадасында топ жарды

admin_mugalzhar

ӨНДІРІС ЫРҒАҒЫ — ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚАДАҒАЛАУЫНДА

admin_mugalzhar

Мемлекет міндеттемелерін орындайды: шағын және орта бизнес несиесіне субсидия ала бастады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.