«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Латын әліпбиі – заман талабы

Латын қаріптерін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі – Түркия мемлекеті. Қазақ елінде де 1929 жылға дейін араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырда қазақ зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерген болатын. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылған. Кириллицаға 13 қараша 1940 жылы ауыстырылған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі бекітілді. Осы Жарлыққа сәйкес Үкімет тарапынан 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшу жұмыстары жүргізілетін болады. Қолданысқа енгізілген әліпбидің жаңа нұсқасының орфографиялық және орфоэпиялық, сондай-ақ емле ережелері әзірленген жоқ. Осы жұмыстармен Үкімет жанынан құрылған Ұлттық комиссия айналысатын болады. Интернет желісінде латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылып, ұялы телефондарда, жарнамаларда, хабарламаларда латын әліпбиімен жазылу даму үстінде.

Елімізде латын әліпбиіне көшудегі мұндай бастапқы жұмыстардың атқарылуы – алдағы межеге мүдірмей жетуге бастайтыны сөзсіз. 

                                                   А.Шекенова,

                            Мұғалжар аудандық сотының

                                                            бас маманы.

Ұқсас ақпараттар

Ғалымдар смартфонды зарядтауға арналған киім жасап шығарды

admin_mugalzhar

«Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау

admin_mugalzhar

Сыбайлас жемқорлықпен күрес –ортақ парызымыз

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.