Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Ащысай ауылдық округінде орналасқан егістік алқаптарын аралап, көктемгі дала жұмыстарына деген дайындықтарын бақылап қайтты. Іс-сапар барысында аудан басшысы «Айсұлтан», «Бай-Еділ», «Ислам», «Ерлан-К» шаруа қожалықтарының егін науқанымен танысты.
Шаруашылық төрағалары егін науқанында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді. Аталған егіншілік шаруашылығын жүргізіп отырған шаруа қожалықтар арпа, бидай дақылдарын егіп жатыр. Қазіргі таңда, егілген алқаптың шамамен 900 га дәнді дақылды құрап отыр.
2026 жылдың көктемгі далалық жұмыстарының жоспары бойынша биыл ауданның шаруашылық құрылымдары 8 515 гектар жерге егіс егуді жоспарлауда. Оның ішінде 4700 га дәнді дақылдар (бидай-2 000 га, қара бидай- 400 га, арпа-2000 га, сұлы-300 га), мал азығы дақылдары бойынша-3200 га (біржылдық шөп-1 900 га, көпжылдық шөптер-1 300 га), картоп-300 га, көкөніс-бақша-315 га.
Егіс құрылымына сәйкес, бүгінгі таңда 900 га арпа, 530 га бидай, 11 га картоп, 18 га көкөніс-бақша егілді. Жұмылдырылған техника саны 27 бірлікті құрайды. Оның ішінде 10 трактор, 6 тұқым сепкіш, 3 егіс кешендері, 8 жер жөндеу техникалары бар.

