«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЛТЫНАЙ МЕН АЛЬМИРА — АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

11-18 мамыр күндері Алматы қаласында өткен қол добынан 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Байрақты бәсекеде Азияның мықты құрамалары әлем чемпионатына жолдама үшін өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша: І орынды — Қытай құрамасы ІІ орынды — Өзбекстан құрамасы III орынды — Қазақстан құрамасы иеленді.

Қазақстанның жасөспірім қыздар құрамасы құрлықтық додада қола жүлдеге ие болып, жанкүйерлер сенімін ақтады. Дүбірлі додада ұлттық құрама сапында ел намысын Қандыағаш қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Алтынай Байсакалова мен Альмира Кадиржанова қорғады.
Жаттықтырушысы Алмаз Кожамуратов.

Ұқсас ақпараттар

Облыс әкімдігінде конституциялық реформа мәселелері бойынша актив жиыны өтті

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

admin_mugalzhar

ЖАҢА ЗАҢ: ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

admin_mugalzhar